Онлайн және офлайн курстар
Автоматтандырылған курстар
Уақытты тиімді пайдалану
25 наурызда Алматы қаласында бұрын соңды болмаған Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназия ұжымының ұйымдастыруымен ақиық ақынның мерейтойына арналған «Қазағым сағынды, рас, мұзбалағын» атты театрландырылған кеш. Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрына лық толған көрермендер мектеп оқушылары мен ұстаздарының өнерін тамашалады. Оларлың өнері кәсіби актер-әртістерден аспаса, кем түспейтінінің куәсі болды. Мұқағали Мақатаев өмірінің сақыналық қойылымдары мен ерекше жан біткен жыр-өлеңдері көрермендердің көңілін теңіздей толқытты, сар даладай шалқытты.
2008 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерейтойының аясында өткен ғылыми-практикалық конференцияға «Бес ғылымдағы парадокс» атты мақала берген едім. Ол парадокстың мәнісі мынадай. Жалпы кез келген үдерісте, немесе себеп пен салдар арасында корелляция болады. Ол байланыс тура, немесе кері болуы мүмкін. Мысалы ғылымның дамуы, адамзат өркениетіне материалдық жетістіктер мен рухани игіліктер алып келуі қажет.
Ұлттық тәрбие мәселесі туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен «тәрбие» сөзінің, термин ретіндегі, ғылыми категория ретіндегі, жылпы үдеріс ретіндегі мағыналарына тоқталып өткеніміз жөн. «Тәрбие» сөзі білім саласында да, ағартушылық бағытында да халық арасында ең көп қолданылатын, мағынасын әркім әртүрлі түсінетін күрделі сөз. Ресми педагогика ғылымында да нақты анықтамасы айқындалмаған көп пікірталас тудыратын ғылыми категория.
Қоршаған ортаны, қоғамды құрайтын барлық тірі жан иелері үнемі бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Қарым-қатынассыз қоғамда даму болмайды. Қарым-қатынас жасаудың ең кемел, әмбебап құралы – тіл. Әр ұлттың өз тілі бар.
Робототехника және бағдарламалау мектебі negeshrobot.
Біздің сабақтарымыз коммуникациялық қабілеттерді дамытуға, технологиялар әлемімен таныстыруға, сондай-ақ ағылшын тілінің негіздерін үйретуге көмектеседі.
Сіздің балаңыз роботтарды нұсқауларға сәйкес жинауды үйренеді, сонымен қатар механизмдерді құру нұсқаларын іздеу барысында тапқырлықты дамыта алады.
канд. биол. наук
философия докторы PhD
"Негеш" Инновоциялық дамыту орталығының негізін қалаушы
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру - Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы ретінде маңызды рөл атқарады, өйткені, оның шеңберінде баланың жас ерекшеліктеріне қарай, олардың ұлттық құндылықтар негізінде бағдарлануы мен әсерленуінің дамуы үшін әлеуметтік жағдайлар қамтамасыз етіледі, баланың мектепке дайындығы барысындағы тәрбие мен білім берудің кең ауқымды НЕГЕШ бағдарламасында жүзеге асырылады.
Оқыту, тәрбиелеу және дамыту процестерінің қозғаушы күші немесе мотиві-бұл бастапқыда адамның жан дүниесіне еніп, танымдық іс-әрекетте және қарым-қатынастарды қалыптастыруда жеке тұлғаны дамыту процесінде көрінетін Метатанымдық қажеттілік пен қызығушылық болып табылады. Осы танып білуге деген қызығушылық басылып қалмау үшін балаға болашақта кез келген мәселені шешуден сәттілік күту күйін сақтау қажет. Бұл баланың жеке дамуының негізгі шарттары.
«Тәрбие» сөзі білім саласында да, ағартушылық бағытында да халық арасында ең көп қолданылатын, мағынасын әркім әртүрлі түсінетін күрделі сөз. Ресми педагогика ғылымында да нақты анықтамасы айқындалмаған көп пікірталас тудыратын ғылыми категория, әлі де нақты шешімін таппай тұрған проблема.
Білім беру мен тәрбие беру бірінсіз бірі іске аспайтын, ылғи да бірге жүретін тел қозыдай егіз үдеріс екені белгілі. Алайды білім берудің диагностикасы, мониторингі мен өлшеу құралдары толық жетілгенімен, тура сол сияқты тәрбие үдерісінің өлшеу критерийлері әлі күнге шейін шешімін таппай келе жатқан мәселе екеніне ешкім көңіл бөле бермейді.
Салтың - санаң, ғұрпың- ғұмырың. Аттан жығылсақ та, салттан жығылмаған қазақпыз.
Ғұрпы мықты ұллтың- рухы мықты болады.