Білім мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарына ұлттық құндылықтарды ендіру
«Білім мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарына ұлттық құндылықтарды ендіру» тақырыбындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілеріне арналған оқу курсының
Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы
Жалпы ережелер
Орта білім беру ұйымдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, сынып жетекшілерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, өткізу тәртібін айқындайды.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа сын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қорғай білген жөн. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғамдағы татулық пен келісімді, береке-бірлікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді» - деген ұстанымын басшылыққа ала отырып, ұлтымыздың рухани құндылықтарын, дәстүрлі тәрбиенің алтын арқауын сақтап, ұлттық құндылықтардың мәні мен маңызын жасөспірімдерге ұғындырып, санасына дарыту қажеттілігі артты. Ұлттық құндылықтарды қоғамдық дамудың, мәдениет пен әлеуметтік қарым-қатынастың, балалар мен жастарға берілетін білім мен тәрбиенің ажырамас қағидасына айналдыруға ықпал ету қажет.
2023 жылғы 17 маусымда өткен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – адал азамат» атты екінші отырысын халқымыздың рухани дамуындағы келелі бетбұрыс деп қабылдау керек. Ұлттық құрылтайда халқымыздың рухани дамуының мәселелері айқын көрініс тапты. «Ұлттық идеология», «ұлттық құндылықтар» ұғымдары - сөздің түйіні, ойдың түйірі болды. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өз сөзінде «Елді дамытуға кедергі келтіретін нәрсенің бәрінен арылып, құндылықтарымызды нығайта түсуіміз қажет. Сонда ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастырамыз, сан ғасырлық мемлекеттілігіміздің тұғырын бекемдейміз» деп атап өтті. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда «Мектептегі тәрбие жұмысы ақсап тұр. Соңғы кезде оқушылардың бір-біріне қысым, зорлық-зомбылық, әлімжеттік көрсетуі жиі болып кетті... Кейде балалардың қатыгездігі жан түршіктіреді» - деп атап өтті. Тәрбие тұжырымдамасының тұғырнамасы ретінде ұлттық құндылықтарды әл-Фарабидің тәрбиесіз білім беруге болмайтыны туралы қағидасын, Абайдың «Толық адам» концепциясын және жасампаздық пен шығармашылық ұстанымдарында қабылдау қажет. Ұлттық идеологияның, білім беру стандарты мен тәрбиенің тұғырнамасы ретінде ұлттық құндылықтарды қабылдау білім беру жүйесінің, жалпы Қазақстан қоғамының орнықты дамуының кепілі боларын анықтайды.
«Білім мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарына ұлттық құндылықтарды ендіру» тақырыбындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне арналған бағдарлама білім мекемелерінде тәрбие жұмыстарының түрлі бағыттарымен жұмыс жасайтын педагогтерді оқытуды көздейді. Бағдарлама қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептердегі тәрбие жұмысы жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады.
Курстың өзектілігі.
Ұлттық құндылықтарды оқыту мен тәрбие саласына ендіру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру, тиімді педагогикалық-психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану, бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту өзекті болып отыр.
2. Глоссарий
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1. Біліктілік – тиісті кәсіби қызмет түрі шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті кәсіби білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің жиынтығы;
2. Қорытынды бағалау – қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары бағдарламасының талаптарына сәйкес педагогтің біліктілік деңгейі мен құзыреттілігін растау рәсімі;
3. Педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу – педагогтің курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі;
4. Тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін әрекет.
5. Тәрбие теориясы - тәрбиенің мәнін, заңдылықтарын, қозғаушы күшін, негізгі құрылымдық бөліктерін және әдістемесін анықтайтын педагогиканың бөлімі.
6. Тәрбие әдістері - ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы.
7. Тәрбие жүйесі – жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі үрдіс.
8. Тұлға - дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам . Адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны.
9. Қайта тәрбиелеу - баланың қоғам мен норма талаптарына қойшы келетін кейбір теріс пығылдары және жай қылықтарын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету жүйесі.
10. Қиын тәрбиеленушілік - баланың тәлімдік әсерге ұғынықты немесе ұғынықсыз түрдегі қорсылығы.
11. Сынып жетекшісі - оқу-тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші.
12. Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі.
13. Қазақстандық патриотизм – әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну. Туған жерге деген махаббаты, Қазақстанды барлық азаматтардың бірыңғай Отаны ретінде түсінуі.
14. Әлеуметтендіру - адамның әлеуметтік қарым-қатынас жүйесіне, әртүрлі әлеуметтік қоғамдықтарға интеграциялау.
15. Ұлтжандылық - өз ұлтының, тілін, дәстүрін, мәдениетін, әдебиетін, өнерін сүю және ұлттың рухани байлығын, қорғай білетін ұлттық намысты адамның қасиеті.
16. Ұлттық құндылықтар әр ұлттың атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлік, адамгершілік қағидаттары.
3. «Білім мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарына ұлттық құндылықтарды ендіру» тақырыбындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне арналған оқу курсы бағдарламасының тақырыптары
3. Бағдарламаның тақырыптары
|
№ |
Тақырыптар |
Мазмұны |
|
1 |
Нормативтік- құқықтық модуль |
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы негізінде орта білім беру жүйесі педагогтерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен заңнамалармен жұмыс. |
|
2 |
Басқарушылық модуль |
Ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беруші көшбасшы мемлекеттер тәжірибелері. Тәрбие жұмыстарын жүргізу және көшбасшылық. Тәрбие ісі бойынша меңгерушілердің, сынып жетекшілерінің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және басқару. Мектептегі және сыныптағы тәрбие жұмысының циклограммасы мен мониторингілеу. |
|
3 |
Психологиялық - педагогикалық модуль
|
Ұжымдағы психологиялық ахуалды зерттеу. Дарынды жасөспірімдермен, тәрбиесі қиындық туғызатын балалармен жұмыс: психологиялық тренингтер, кеңестер. Отбасындағы және қоғамдағы зорлық-зомбылықтар, буллингтер мен кибербул-лингтер оның психологиялық зардаптары. |
|
4 |
Мазмұндық модуль |
Ұлттық құндылықтар негізінде берілетін тәрбие жұмыстарын жоспарлау, жүйелеу. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, «Ата-аналарды қолдау» орталығының жұмысын, бірлік және ынтымақ, тәуелсіздік, патриотизм, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеуді ұлттық құндылықтарға негіздеу. Бағдарламада ұсынылған жобалармен жұмыс. Жобалар бойынша кейстер топтамасын жасау. Заң және тәртіп: кәмелетке толмаған оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллинг мәселелерін шешу жолдары. Тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесінің негізгі құрауыштары - тәрбие заңдылықтары мен ұстанымдарын, әдістерін, құралдарын, формаларын т.б. үлгілеу. |
|
5 |
Технологиялық модуль
|
Жасанды интеллект құралдарымен жұмыс жасаудың қажеттілігі. Пайдаланылатын қажетті платформалар мен сервистарға қосылуды қамтамасыз ету. Электрондық ресурстарды қолдану. Цифрлық сауаттылық. |
|
|
Вариативтік модуль
|
Курс соңында тәрбие саласы бойынша ұйымдастырылатын жоба жұмыстары. Жобалау және зерттеу жұмыстарында алынған тақырыпты ашу, қойылған проблемаларды кешенді шешудің ғылыми-тәжірибелік, әдістемелік, тәсілдерін үлгілеу.
|
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері және күтілетін нәтижелері
4.1 Бағдарламаның мақсаты – қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептердегі тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілері мен сынып жетекшілері қызметін ғылыми-әдістемелік негізде ұйымдастыру. Жалпы-адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеудегі кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
4.2 Бағдарламаның міндеттері:
1) мектептегі тәрбие мен оқыту саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың отандық және шетелдік тәрбие тұжырымдамаларының тұжырымдамалық негіздерін, мектеп жасындағы балаларды дамытудың педагогикалық жүйелері мен әдістерінің негіздерін зерттеу;
2) Ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беру әдістемелері. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу. Бағдарламада ұсынылған жобалармен жұмыс. Жобалар бойынша кейстер топтамасын жасау. Мектеп жасындағы балаларды жан-жақты дамыту, тәрбие беруді әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарының негізгі бағыттарын, тәрбие берудің жаңа философиясының мәнін, педагогикалық қызметтің әр алуан түрлерін мониторингілеуді, жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық қолдау, сыныптағы жеке оқушымен жұмыстың жаңа тәсілдерін жүзеге асыру бойынша ұйымдастырылған оқу әрекетін қалыптастыру;
3) мектеп жасындағы балалардың жеке қажеттіліктерін іске асыруды қамтамасыз ететін, ұлттық құндылықтарды дамытудың қазіргі заманауи білім беру технологияларын, әдістерін іріктеу, апробациялау және енгізу әдістерін пайдалану білігін қалыптастыру; оқу-педагогикалық қызмет процесіндегі рефлексияны іске асыруды меңгеру, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік деңгейін арттыру, жасанды интеллектпен жұмыс жасау, қажетті платформалар мен сервистарға қосылуды қамтамасыз ету;
4) балалардың қабілет ерекшеліктері мен танымдық даму үрдісі туралы теориялық материалдармен жұмыс жүргізуді үлгілеу;
5) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысын жоспарлау, ата-аналармен жұмыс, кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылық, қиын балалармен жүргізілген жұмыстарда қолданылатын әдістерді ұсыну.
4.3. Бағдарламаның күтілетін нәтижелері
1) Жалпы орта білім беретін білім мекемелеріндегі тәрбие жұмысын
ұйымдастырудағы нормативтік-құқықтық құжаттарды, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың отандық тәрбие тұжырымдамалары негіздерін біледі;
2) Жасөспірімдерді жан-жақты дамытуда педагогикалық-психологиялық үрдісті жоспарлау және психологиялық көмек беруді, тәрбие беруді әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарының негізгі бағыттарын, тәрбие берудің жаңа философиясының мәнін түсінеді;
3) Тәрбие саласында қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы толық мағлұматтар алады және іске асыру жолдарын біледі;
4) Мектеп жасындағы балалардың тұлғалық дамуын қалыптастыруда ұлттық құндылықтарды сіңіру жолдарын түсінеді;
5) Тәрбие саласында қолданылатын заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін қолдану білігі қалыптасады, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік деңгейі қалыптасады;
6) Жасанды интеллект құралдарымен жұмыс жасауды, қажетті платформалар мен сервистарға қосылуды қамтамасыз ете алады;
7) Мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлауды, ата-аналармен жұмыс жасауды меңгереді;
8) Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарды жоспарлайды, жүргізе алады;
9) Кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылық, қиын балалармен жүргізілген жұмыстарды, құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі жұмысын ұйымдастыра алады;
10) Тәрбие саласы бойынша авторлық бағдарламалар жасаудың жолдарын түсінеді, бағдарламалар құрады.
5. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
5.1 Бағдарламаның құрылымы
Нормативтік - құқықтық модуль (8 сағат)
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, ҚР Парламентінің Сенаты 2021 жылы 30 наурызда өткізген «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» тақырыбындағы Парламенттік тыңдау ұсынымдары, ҚР білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №214-IV Заңы, Қазақстан Республикасының «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі №169-VI Заңы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы.
Басқарушылық модуль (12 сағат)
«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы, ҚР Парламентінің Сенаты 2021 жылы 30 наурызда өткізген «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» тақырыбындағы Парламенттік тыңдау ұсынымдары, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде ұйымдастыру және басқару. Ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беруші көшбасшы мемлекеттердің тәжірибелерін үлгілеу. Ақпараттық кезеңге өтуде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерінің құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды қалыптастыру. Тәрбие жұмыстарын жүргізу және көшбасшылық. Сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылу әдістері. Тәрбие жұмысын басқару мен бақылауда жүргізілетін мониторинг.
Психологиялық - педагогикалық модуль (8 сағат)
Сынып ұжымдағы психологиялық ахуалды зерттеу. Педагогтер мен психологтардың зерттеулері арқылы сынып ұжымының психологиялық ахуалын жақсарту. Тәрбие беру үдерісіне жаңашылдықты ендіруде педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау. Қоғам дамуындағы адамның және қоғамның жоғары құндылығын мойындау, жеке тұлғаны педагогикалық және психологиялық қолдау, әлеуметтендіру, көп қырлы әрекеттің маңызын түсіну, тәрбиені ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыдан оң мінез-құлыққа тәрбиелеу. Тұлғаның даралық дамуын гармониялы бiрлiкте қарастыру, тұлғаның дамуы мен әлеуметтену процесiне әсер етушi қарым-қатынастарды педагогикалық тұрғыдан реттеу тұлға ұғымының мәнін, оның даму, қалыптасу кезеңдерін түсіну.
Мазмұндық модуль (30 сағат)
Біліктілікті арттыру курстары:
1). Тәрбие – бұл тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің әрекетіне негізделетін, жеке тұлғаның адами сапасының қалыптасуын қамтамасыз ететін мақсаткерлікті үрдіс. Қазіргі кезеңдегі тәрбиені – мақсатты, жеке тұлғаның адамгершілікті, руханилық даму сапасын қалыптастыратын, ұлттық құндылықтарды ұстанушы, жеткізуші, өзін қоршаған әлеуметтік ортаға негізделетін үрдіс деп қарауға болады. Рухани және физикалық өзін-өзі жетілдіру біліктері мен дағдылары, салауатты өмір салты туралы ғылыми түсініктерді қалыптастыру.
2). Бағдарламаның оқу-тақырыптық жоспарына (бұдан әрі – ОТЖ) сай күндізгі және қашықтықтан оқыту түрлері ұйымдастырылады. Күндізгі және қашықтықтан оқыту курстарының ұзақтығы 80 академиялық сағатты құрайды. Ал бір апталық күндізгі оқу курстарын ұйымдастыру кезінде оқу-тақырыптық жоспарынадағы сағаттар саны екі есеге қысқарады, сабақтардың тақырыптары мен өткізу нысаны өзгеріссіз қалады.
3). Күндізгі және аралас оқу режимінде тыңдаушылардың тәрбие бағыттары бойынша білімін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы, тәрбие сабақтарының шағын (шағын іс-шара) таныстырылымы, қорытынды тестілеу, сондай-ақ, аралас оқу режимінде аралық тестілеу өткізіледі. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар, тест тапсырмалары, жоба жұмыстарының және шағын сабақтардың (шағын іс-шаралардың) тақырыптары курстың оқу-әдістемелік кешеніне (бұдан әрі – ОӘК) енгізіледі.
Білім мен тәрбие беру үрдісі түрлі әдістерді қамтиды: дәріс, семинар, практикалық жұмыс, көшпелі практикалық сабақтар, тренингтер, шеберлік сыныптар, конференция, дөңгелек үстел, шағын сабақ (шағын іс-шараның) таныстырылымы, рөлдік ойындар, кейс әдістері, бейнефильмдерді талқылау, мәселелерді бірлесіп шешу, сондай-ақ аралас оқу режиміндегі курстар үшін вебинар, онлайн - форум, онлайн - кеңес және тыңдаушының өз бетімен оқуы.
Тәрбие саласындағы халықаралық зерттеулер: шетелдік және отандық тәжірибені салыстырмалы талдау. Оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, тәрбие туралы ақпараттармен қамтамасыз ету жағдайында жасөспірімдердің функционалдық сауаттылығын дамыту жұмыстары жасалынады.
Тыңдаушылардың жасөспірімдерді тәрбиелеудегі кәсіби құзыреттіліктерін анықтау мен қалыптастыру үшін профессор-оқытушылар құрамы бағдарлама мазмұнын меңгертуде курс мазмұнын әзірлеп, курстың ОӘК–не енгізеді.
Технологиялық модуль (14 сағат)
Ақпараттық-коммуникациялық технология туралы. АКТ мүмкіндіктері, тәрбие үрдісінде тәрбие беруді ақпараттандыру процесінің жүзеге асырылуы. Тәрбие мен білім сапасын басқарудың тиімділігін арттырудағы технологиялар. Ақпараттармен жұмыс жасау мәдениеті. Мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін арттыру. Сынып жұмысын ұйымдастыруда техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету. Көшбасшы мемлекеттердің тәрбие кеңістігі жетістіктеріне қол жеткізу. Жасанды интеллект құралдарымен жұмыс жасауды. Платформалар мен сервистарға қосылу. Электрондық ресурстарды қолдану.
Вариативтік модуль (8 сағат)
Сынып жетекшілерінің, тәлімгерлердің тұлғалық өсуі мен өзін-өзі дамытуда өзекті тақырыптарды таңдау, өзектілігін түсіну, жобалар құру. Педагогтердің жаңаша ойлау мен іс – әрекеттік дағдыларын қалыптастыру үшін тәрбие мен білім бееруде жобалау жұмыстарын жасау. Жобалау – зерттеушілік әрекет педагогтің кәсіби құзіреттілігін арттыру факторы ретінде. Сынып жетекшілерінің көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
5.2 Бағдарлама мазмұны
80 сағаттық директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен
сынып жетекшілеріне арналған біліктілікті арттыру курсының
оқу-тақырыптық жоспары
|
№
|
Сабақ тақырыптары
|
Дәрістер |
Таңдау дәрісі |
Тәжірибелік сабақ |
Тренинг |
Семинар |
Шеберлік сыныбы |
КТС |
Конференция |
Дөңгелек үстел |
Көшбасшылық іс-тәжірибе сабақты қорғау |
Жоба қорғау |
Барлығы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
15 |
|
1 |
Нормативтік-құқықтық модуль |
4 |
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
8 |
|
1.1
|
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы. ҚР Парла-ментінің Сенатының 2021ж 30 наурыздағы «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» тақырыбындағы парламенттік тыңдау ұсынымдары |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
1.2 |
ҚР-да мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
1.3 |
Орта білім беру жүйесі педагогтерінің қызметін реттейтін нормативтік -құқықтық актілер мен заңнамалар. ҚР «Білім туралы», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы, «Баланың құқықтары туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» т.б. заңдары |
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
4 |
|
2 |
Басқарушылық модуль |
6 |
|
|
|
2 |
4 |
|
|
|
|
|
12 |
|
2.1 |
Ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беруші көшбасшы мемлекеттер тәжірибелері |
2 |
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
4 |
|
2.2 |
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде тәрбие жұмысын жос-парлау, ұйымдастыру және басқару |
4 |
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
8 |
|
3 |
Психологиялық - педагогикалық модуль |
2 |
|
2 |
|
2 |
|
|
|
2 |
|
|
8 |
|
3.1 |
Білім мекемесіндегі психологиялық ахуалды зерттеу, мониторингілеу |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
3.2 |
Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы: психо-логиялық тренингтер, сұхбаттар, сауалнамалар |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
2 |
|
|
4 |
|
3.3 |
Отбасындағы және қоғамдағы зорлық-зом-былықтар және оның психологиялық зардаптары
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
4 |
Мазмұндық модуль |
10 |
|
8 |
2 |
6 |
2 |
|
2 |
|
30 |
||
|
4.1 |
Қазақ этнопедагогика-сы: ұлттық құндылық-тарға тәрбиелеудің негізі |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
4.2 |
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Ата-аналарды қолдау» орталығының жұмысын ұйымдастыру. Отбасы құндылықтары. |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
4.3 |
Бірлік және ынтымақ, тәуелсіздік, патриотизм, әділдік пен жауапкер-шілікке тәрбиелеуді ұлттық құндылықтарға негіздеу. |
2 |
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
4.4 |
«Ұшқыр ой» алаңы жобасымен жұмыс. Ұлттық зияткерлік: мектептегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарды жоспар-лау. Кейстер топта-масын жасау |
2 |
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
4 |
|
|
4.5 |
Кәмелетке толмаған оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен түзету жұмыстары |
2 |
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
4 |
|
4.6
|
Заң және тәртіп. Оқушылар арасындағы буллинг пен кибер-буллинг мәселелерін шешу жолдары |
|
|
|
2 |
4 |
|
|
|
|
|
|
6 |
|
4.7 |
Әлеуметтік жобалар: адалдық пен жауапкер-шілік, таза экология, кітап оқу, патриоттық әндер акцияларын ұйымдастыруды ұлттық құндылықтар негізінде ұйымдастыру |
|
|
2 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
4 |
|
4.8 |
Тәрбие саласы бойынша жасалатын авторлық бағдарламалар, оның әдістемелік қамтамасыз етілуі |
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
5. |
Технологиялық модуль |
2 |
|
6 |
4 |
|
|
|
|
|
2 |
14 |
|
|
5.1 |
Жасанды интеллект құралдарымен жұмыс жасаудың жолдары |
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
5.2 |
Пайдаланылатын қажет-ті платформалар мен сервистарға қосылу |
2 |
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
5.3 |
Электрондық ресурстарды қолдану. Цифрлық сауаттылық |
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
4 |
|
6. |
Вариативтік модуль |
|
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
Дарынды балалар – ұлт зияткерлігінің негізі |
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
Ұлттық құндылықтар – халық тәрбиесі |
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол салушылық |
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
Отбасылық зорлық-зомбылық |
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
Барлығы: |
24 |
8 |
16 |
6 |
14 |
6 |
|
2 |
2 |
|
2 |
80 |
6. Оқу процесін ұйымдастыру
Курстарды өткізу бір мезгілде немесе кезең-кезеңімен аудиториялық және қашықтықтан оқыту нысандарында әртүрлі бағыттар мен модульдерді игеру арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы орта білім беру мекемелері педагогтері теориялық біліммен бірге, практикалық дағдыларды игеруі керек. Осыған байланысты ұсынылып отырған білім беру бағдарламасының оқу-тақырыптық жоспарына практикалық сабақ пен шебер-сабақтарға сағат саны артты: Дәріс – 24 сағат (30 %), тренингтер, практикалық сабақ – 44 сағат (57 %), семинар, жоба, шебер-сабақтар – 12 сағат (10,5%), (практика мен шебер-сабақтың жалпы сағат көлемі – 69%-ды құрайды.
Білім беру процесін аудиториялық (күндізгі) және қашықтан ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында: өздік жұмыс, жобалық жұмыс, шағын сабақтың (шағын іс-шараның) тұсаукесері, қорытынды тестілеу, сондай-ақ аралық тестілеу жүргізіледі. Білім беру процесі оқытудың интерактивті формалары мен әдістерін қамтиды: дәріс, семинар, практикалық жұмыс, шебер-сабақ, конференция, дөңгелек үстел, рөлдік ойындар, кейстер әдісі, бейнефильмдерді талқылау, сұрақтарды бірлесіп шешу, сондай-ақ қашықтықтан оқыту режимінде курс үшін онлайн кеңес беру және тыңдаушыны өз бетінше оқыту.
Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында кіріс және шығыс сауалнамасы, қорытынды тестілеу жүргізіледі.
7. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
Курстың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне мыналар кіреді:
- әдістемелік ұсынымдар;
- бейнематериалдар (қажеттілігіне қарай);
- интернет-ресурстар;
- үлестірме материалдар.
8. Оқу нәтижелерін бағалау
80 сағат көлеміндегі оқу нәтижелерін бағалау:
- курстың модульдері бойынша тестілеу;
- біліктілікті арттыру курсына қанағаттану туралы сауалнама жүргізу;
40 сағат көлеміндегі оқу нәтижелерін бағалау:
- курстың модульдері бойынша тестілеу;
- біліктілікті арттыру курсына қанағаттану туралы сауалнама жүргізу.
Тыңдаушылардың кәсіби құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін бағалау критерийлері мен бағдарлама мазмұнын меңгеру параметрлері әзірленеді.
Қорытынды тестілеу нысанында өтеді. Сұрақтардың жалпы саны – 20. Қорытынды тестілеуден өту және біліктілікті арттыру курсын аяқтау үшін дұрыс жауаптардың 60% және одан жоғары санын жинау қажет. Шекті деңгей - 12 балл.
Әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.
9. Курстан кейінгі қолдау
Біліктілікті арттыру курсынан өткен педагогтерді курстан кейінгі қолдаудың түрлері:
1. Тыңдаушыларға олардың педагогикалық, зерттеу және рефлексиялық қызметінде әдістемелік, консультациялық көмек көрсету;
2. Педагогикалық және зерттеу қызметінің нәтижелерін жариялауға дайындауда консультациялық көмек көрсету;
3. Педагогтердің кәсіби қоғамдастықтарының жұмысын ұйымдастыру және қолдау, оның ішінде тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар (байқаулар, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да білім беру шаралары) өткізу.
4. Ғылыми-практикалық журналдарға және БАҚ-та ғылыми әзірлемелер мен мақалалар жариялау.
10. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты мемлекет басшысы
2. Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы». ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2023 жыл 19 қыркүйек. №294 бұйрығы. Астана. 2023ж.
4. Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. – Алматы: «РБК», 1997. – 141 б.
5. Қожахметова К.Ж. Тәрбие үрдісі мен оқушылардың тәрбие деңгейін бағалаудың өлшемдері. – Алматы, 2006. – 212 б.
6. Майғаранова Ш.М. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. – Алматы: Ғылым, 2002. – 124 б.
7. Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық талдау. – Алматы, 2000. – 240 б.
8. Сәдуақасов Ә. «Қазақ этнопедагогикасы мен этнопсихологиясының кейбір мәселелері. Алматы. 305 б. 2012ж.
9. Керимов Л. Қиын баламен жұмыс. Алматы. 1992ж
10. Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi. – Алматы, 2002.
11. Дүйсенбаев А. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқулық. // А. Дүйсенбаев. – Астана: Фолиант, 2015. – 320 бет.
12. Сәдуақасов Ә., Есімбекова Б.О. Халықтық педагогика – ұлт тәрбиесі. Оқу құралы. Алматы, «АIash Book» баспасы, 2024ж.
13. Есімбекова Б. Қазақ отбасы және тәрбие. Оқу құралы. Алматы, «АIash Book» баспасы, 2024ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 192 б.
2. Оразбекова К.А. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері. Монография. – Алматы: Комплекс, 2000. – 330 б.
3. Балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу бойынша ата-аналарға ақыл-кеңес. Әдістемелік ұсыныстар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 17 б. 2000г.
4. Суицидология: учебное пособие. И.Шелехов, и.др. Томск, СГУМУ, 2011г.
5. Табылдиев Ә. Халық тағылымы (қазақтың халық педагогикасы және тәрбие). – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 200 б.
Қосымша – 1
Тест
1. Педагогика қандай негізгі мәселелерді қарастырады:
А) Тәрбиенің қоғамдағы алатын орнын.
В) Педагогиканың ғылым болып қалыптасу ерекшеліктерін.
С) Оқу-тәрбие процесінің теориялық негіздерін.
D) Өткендегі аса көрнекті педагогтардың идеяларын.
Е) Басқа ғылымдармен байланысын
{Дұрыс жауап} = С
2. Педагогика ғылымының дамуында жетекші ғылымдар :
А) Биология, анатомия, мектеп гигиенасы.
В) Физиология, генетика, медицина.
С) Математика, информатика, статистика.
D) История, этнография, экология.
Е) Философия, психология, физиология.
{Дұрыс жауап}= Е
3. Тәрбиенің мақсты:
А) Тәрбиені гуманизациялау
В)Тәрбиені гуманиторландыру.
С) Еңбек және политехникалық білім беру.
D) Эстетикалық тәрбие.
Е) Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы.
{Дұрыс жауап }= Е
4.Сынып жетекшісінің атқаратын қызметіне:
А) Администрациялық-шаруашылық.
В) Оқушыларды теориялық және тәжірибе жағынан дайындау.
С) Тәрбиелік, ұйымдастыушылық.
D) Педагогикалық кеңесті ұйымдастыру және өткізу.
Е) Мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
{Дұрыс жауап }= С
5. Отбасы тәрбиесі туындауы:
А) Құлдық қауымда.
В) Б.з.д. І-ІІІ ғасыр.
С) Алғашқы еңбек құралдарының пайда болуына байланысты.
D) Тәриенің қоғамдық қызметінің ерекшеленуіне байланысты .
Е) Моногамиялы отбасының пайда болуына байланысты.
{Дұрыс жауап }= Е
6. Отбасы тәрбиесінің негізін құрайды:
А) Еңбек тәрбиесі.
В) Нарықтық қатынас.
С) Азаматтық құқық.
D) Әкімшілік құқық.
Е) Құқықтық тәрбие.
{Дұрыс жауап }= А
7. Педагогика ғылымының негізгі зерттеу әдістері:
А) Лекция, әңгіме, әңгімелесу.
В) Диспут, өнеге, жарыс.
С) Бақылау, эксперимент, анкета сұрақтары.
D) Бақылау, анкета сұрақтары, лекция.
Е) Жазалау, мадақтау.
{Дұрыс жауап} = С
8. Педагогиканың негізгі категориясы:
А) Материя.
В) Тәрбие.
С) Іс - әрекет.
D) Қарым-қатынас.
Е) Тұқым қуалаушылық.
{Дұрыс жауап} = В
9. Педагогикада қолданылатын негізгі категория :
А) Жеке тұлға.
В) Құбылыс.
С) Қоғам.
D) Этнос.
Е) Мораль
{Дұрыс жауап} = А
10. Азаматтық тәрбиенің міндеті:
А)Білімдер жүйесімен қаруландыру
D) Ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Е) Адамгершілікке тәрбиелеу.
{Дұрыс жауап} = В
11. Құқықтық тәрбиенің мәні:
А)Қоғамға пайдалы қатынастардың дамуына жағдай туғызу.
В)Қоғамға зиян қатынастарды шектеп, тыйым салу.
С)Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың құрамын,олардың қызмет істеу принциптері мен өкілеттілігін анықтау.
D)Азаматтардың бостандықтарын, құқықтарын, қоғам алдындағы
жауапкершіліктерін заң жүзінде кепілдікті қамтамасыз ететіндігін үйрету.
Е) Жеке тұлғаның мінез – құлық нормаларын қалыптастыру.
{Дұрыс жауап} = Д
12. Экологиялық тәрбиенің міндеттері:
А) Қоғамдық маңызды және мәнді сана формасы туралы білімдер жүйесін меңгерту.
В) Мектеп оқушыларын көркем өнер шығармашылығына араластыру.
С) Табиғатқа саналы қарым – қатынасты қалыптастыру және табиғатты қорғау іс - әрекетін ұйымдастыру.
D) Оқушыларды мәдени мінез – құлық және тәртіптілікке қалыптастыру.
Е) Оқушылардың ақыл –ой қабілетін дамыту.
{Дұрыс жауап} = С
13. Тәрбиенің мәні:
А) Жас ұрпақтың рухани дене күштерін дамыту.
В) Ғылыми – материалистік дүние танымын қалыптастыру.
С) Қоғамға сай ережелерді меңгеру.
D) Жан – жақты тәрбие беруді.
Е) Оқушылардың оқу белсенділігін арттыруды көздейді.
{Дұрыс жауап }= Д
14. Педагогика жатады:
А) Жаратылыстану.
В) Әлеуметтік-гуманитарлық.
С) Техникалық.
D) Арнайы ғылымдарға.
Е) Экономикалық ғылымдарға.
{Дұрыс жауап }= В
15. “Ұлы дидактиканы” жазған кім:
А) Ж.Ж. Руссо.
В) И.Герберт.
С) Я.А.Коменский.
D) А.Дистервег.
Е) Джон Локк
{Дұрыс жауап}= С
16. Педагогика ғылымы байланысты :
А) Көркем тарих.
В) Математика.
С) Психология.
D) Биология.
Е) Физика.
{Дұрыс жауап }= С
17. Мемлекеттің білім беру жүйесіне жатқызылады:
А) Мектеп,конфессиалды ұйымдар,спорттық бірлестіктер.
В) Отбасы,пәндік үйірмелер,мектептен тыс ұйымдар.
С) Білім беру ұйымдарының жиынтығы (орта білім беру мекемелері, жоо, коледждер).
D) ЖОО, әскери ұйымдар, консерваториялар.
Е) Лицей,балалар үйі,діни ұйымдар.
{Дұрыс жауап }= С
18. Жеке тұлғаның объективті қоғамдық қатынасқа икемделуі:
А) Әдет.
В) Дағды.
С) Даму.
D) Әлеуметтену
Е) Іскерлік.
{Дұрыс жауап }= Д
19. Жеке тұлғаның дамуындағы негізгі қозғаушы күшіне жататындар:
А) Тұқымқуалаушылық.
В) Тәрбиенің принциптері.
С) Тәрбие әдісі.
D) Өзін-өзі тәрбиелеу әдісі.
Е) Қарама-қайшылық.
{Дұрыс жауап }= Е
20. Тұлғаның дамуына әсер ететін жетекші факторлар:
А) Қарым-қатынас.
В) Өзін-өзі тәрбиелеу.
С) Орта, тәрбие, тұқымқуалаушылық.
D) Отбасы.
Е) Жолдастары.
{Дұрыс жауап }= С
21. Қарым-қатынас ол:
А) Айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы.
А) Адамның мінез-құлқы.
В) Алған білімді меңгеру.
D) Қазіргі заманды түсінудің проблемасы.
Е) Тұлғаның көзін жеткізу.
{Дұрыс жауап }= А
22. Жеке тұлғаны қалыптастырудың шешуші факторы:
А) Іс-әрекет.
В) Макросреда.
С) Микросреда.
D) Жолдастары.
Е) Ақпарат құралдары.
{Дұрыс жауап }= А
23. Қиын балалардың пайда болуына себепші факторлар:
А) Қоғамдағы экономикалық жағдай, ұжым, жанұя.
В) Отбасы, мектеп, қоғамдық сана формалары.
С) Отбасындағы ажырасу мәселесі.
D) Қоғам, жора – жолдастары.
Е) Нашар идеология, тәрбиешілір әрекеті.
{Дұрыс жауап} = А
24. Қазақстандағы “Педагогика” оқулығының тұңғыш авторы:
А) Ы.Алтынсарин.
В) Ш.Уалиханов.
С) А. Байтұрсынов.
D) М. Дулатов.
Е) М.Жұмабаев.
{Дұрыс жауап} = Е
25. А.С Макаренконың педагогикаға қосқан үлесі:
А) Мектепті басқару.
В) Жеке тұлғаны ұжымда тәрбиелеу.
С) Шығармашылық.
D) Таным теориясы .
Е) Оқыту теориясы.
{Дұрыс жауап }= В