Адал азамат

 

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы құндылықтарын тәрбие үрдісіне интеграциялау мен жүзеге асырудың жаңашыл тәсілдері,  мектептегі тәрбие жұмысын трансформациялау» тақырыбындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілеріне арналған оқу курсының 

Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы

 

 

Алматы - 2026 жыл

 

  

1-тарау. Жалпы ереже

Орта білім беру ұйымдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, сынып жетекшілерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, өткізу тәртібін айқындайды. 

«Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың ұлттық құндылықтарды қорғау арқылы жаңа сын-қатерлерге қарсы тұру туралы тұжырымдамасы бүгінгі тәрбие жүйесінің басты бағдары болып табылады. Ана тілін, салт-дәстүр мен ұлттық сана-сезімді сақтау — келер ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілігіміз. Осы орайда, ұлттық руханияттың алтын арқауын үзбей, оның мән-маңызын жасөспірімдердің санасына сіңіру — кезек күттірмес міндет. Ұлттық құндылықтар білім мен тәрбие үдерісінің ғана емес, бүкіл қоғамдық даму мен әлеуметтік қарым-қатынастың іргелі қағидасына айналуы тиіс».

«2023 жылғы 17 маусымда өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы еліміздің рухани жаңғыру жолындағы стратегиялық бетбұрысына айналды. Жиында мемлекеттік идеология мен ұлттық құндылықтар мәселесі басты назарға алынып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастырудың басымдықтары айқындалды. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев мектептегі тәрбие жұмысындағы олқылықтарды, атап айтқанда, жасөспірімдер арасындағы қатыгездік пен әлімжеттік мәселелерін сынға ала отырып, тәрбие жүйесін түбегейлі қайта қарауды тапсырды. Осы орайда, Әбу Насыр әл-Фарабидің "тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы" деген қағидасын, Абайдың "Толық адам" концепциясын және жасампаздық ұстанымдарын тәрбие тұжырымдамасының негізгі тірегі ретінде қабылдау — заман талабы. Ұлттық құндылықтарды білім беру стандарттарының өзегіне айналдыру — тұрақты қоғам мен қуатты мемлекет құрудың басты кепілі».

 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы құндылықтарын тәрбие үрдісіне интеграциялау мен жүзеге асырудың жаңашыл тәсілдері,  мектептегі тәрбие жұмысын трансформациялау» тақырыбындағы біліктілікті арттыру бағдарламасы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерін кешенді оқытуға бағытталған. Бағдарламаның мазмұны қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептердегі тәрбие саласы мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыруды және ұлттық тәрбиенің заманауи әдістерін меңгертуді көздейді.

Бұл бағдарлама мектептегі тәрбие жұмысын ұлттық құндылықтар негізінде жаңғыртуға арналған. Оқыту курсы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерінің біліктілігін шыңдап, олардың бойында тәрбие үдерісін заманауи талаптарға сай басқарудың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырады, тәрбие жұмыстарының түрлі бағыттарымен жұмыс жасайтын педагогтерді оқытуды көздейді. Оқыту қазақ және орыс тілді мектептердің педагогтеріне бағытталған.

 

Курстың өзектілігі: Қазіргі білім беру парадигмасында ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін заманауи әдіс-тәсілдермен байыту, жасөспірімдердің рухани танымын  жетілдіру. Тәрбие жұмысын формальды іс-шаралар форматынан сапалы нәтижеге бағытталған жүйеге, авторитарлық нұсқаудан конструктивті диалогқа және сыртқы бақылаудан оқушының өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға трансформациялау өзекті болып табылады.

 

                2. Глоссарий

1.    Адал азамат – мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін, ар-ұжданы таза, еңбекқор, заңды құрметтейтін және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға.

2.    Тәрбие бағдарламасы – мектептегі оқу мен тәрбие үрдісін біріктіретін, «Ұлттық мүдде», «Ар-ұждан» және «Ынтымақтастық» құндылықтарына негізделген бірыңғай жүйе.

3.    Ұлттық мүдде – мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға үлес қосу, ана тілін, салт-дәстүрін және тарихын құрметтеу арқылы көрінетін құндылық.

4.    Ар-ұждан – педагог пен оқушының әрекеттеріндегі адалдық, академиялық адалдық, жауапкершілік пен әдептілік өлшемі.

5.    Ынтымақтастық – қоғамдық келісімді сақтау, өзара көмек, командада жұмыс істей алу және жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеу.

6.    Құндылықтарға негізделген білім беру (Values-based Education) – білім алушының бойында академиялық біліммен қатар, моральдық-этикалық қасиеттерді қатар дамыту моделі.

7.    Интеграция – тәрбиелік компоненттің әрбір сабақ мазмұнына, үзіліс уақытына және мектептен тыс әрекетке терең сіңісуі.

8.    Интеграциялау – ұлттық құндылықтарды жеке сынып сағаттарында ғана емес, барлық пәндердің мазмұнына және мектептен тыс іс-шараларға біртұтас енгізу.

9.    Трансформация (тәрбиедегі) – тәрбие жұмысының ескірген қалыптарынан бас тартып, оны оқушының тұлғалық қажеттіліктеріне және заманауи қоғамның сұранысына сай қайта құру процесі.

10. Тәрбие жұмысын трансформациялау – тәрбие үдерісінің мақсатын, мазмұны мен әдістерін заман талабына (Адал азамат тұжырымдамасы) сай түбегейлі жаңғырту.

11. Тәрбие  бағдарламасы – мектептегі оқу мен тәрбиені бөліп жармай, біріктіріп жүргізуді көздейтін стратегиялық құжат.

12. Құндылықтарға бағдарланған тәсіл (Value-based approach) – тәрбие жұмысының негізіне нақты адамгершілік нормаларды (адалдық, жауапкершілік, намыс) қою.

13. Әлеуметтік жобалар (Service Learning) – оқушылардың алған білімі мен құндылықтарын қоғамға пайда келтіру (волонтерлік, қайырымдылық) арқылы іс жүзінде қолдануы.

14. Әлеуметтік серіктестік – мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың баланы тәрбиелеу жолындағы ортақ жауапкершілігі мен бірлескен әрекеті.

15. Сторителлинг (Storytelling) – құндылықтарды құрғақ теория емес, өмірлік мысалдар, аңыздар мен тарихи тұлғалардың тағдыры арқылы әсерлі жеткізу әдісі.

16. Коллаборативті орта – мұғалім, оқушы және ата-ананың өзара сенім мен тең құқылы серіктестікке негізделген қарым-қатынас кеңістігі.

17. Геймификация (Gamification) – тәрбиелік мақсаттарға жету үшін ойын элементтерін (ұпай жинау, миссиялар, рөлдік ойындар) пайдалану.

18. Сторителлинг (Storytelling) – құндылықтарды құрғақ уағыз емес, әсерлі оқиғалар мен өмірлік мысалдар арқылы оқушының эмоционалды деңгейіне жеткізу.

19. Кейс-стади (Case Study) – оқушыларға нақты моральдық таңдауды қажет ететін жағдаяттарды ұсынып, оны бірлесе талдау арқылы дұрыс шешім шығаруға баулу.

20. Рефлексия (Reflection) – оқушының өз іс-әрекетіне, мінез-құлқына іштей талдау жасап, өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуы.

21. Эмпатия – өзге адамның сезімін түсіну, онымен ортақтасу және қолдау көрсету қабілеті. Ынтымақтастық құндылығының негізі.

22. Академиялық адалдық – білім алу үдерісіндегі әділдік (көшіруге, плагиатқа жол бермеу); бұл "Адал азамат" тұлғасының алғашқы көрсеткіші.

23. Тьюторлық қолдау – баланың жеке тұлғалық даму траекториясын бағыттап, қиындықтарда демеу болу.

24. Мектептің корпоративтік мәдениеті – мектеп ішіндегі барлық қызметкерлер мен оқушылар ұстанатын ортақ этикалық нормалар мен қағидалар жиынтығы.

25. Трансформация дегеніміз — іс-шаралар санынан сапаға, нұсқау беруден диалогқа және бақылаудан өз-өзін басқаруға көшу.

26. Рефлексия – оқушының өз іс-әрекетіне, мінез-құлқына және рухани дамуына талдау жасап, өзін-өзі тәрбиелеуге бағыт алуы.

27. Педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу – педагогтің курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі;

28. Тұлға - дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам .   Адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. 

29. Қайта тәрбиелеу - баланың қоғам мен норма талаптарына қойшы келетін кейбір теріс пығылдары және жай қылықтарын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету жүйесі.

30. Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі.

31. Қазақстандық патриотизм – әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну. Туған жерге деген махаббаты, Қазақстанды барлық азаматтардың бірыңғай Отаны ретінде түсінуі.

32. Ұлтжандылық - өз ұлтының, тілін, дәстүрін, мәдениетін, әдебиетін, өнерін  сүю және ұлттың рухани байлығын, қорғай білетін ұлттық намысты адамның қасиеті.

33. Ұлттық құндылықтар әр ұлттың атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлік, адамгершілік қағидаттары.

 

 

3. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы құндылықтарын тәрбие үрдісіне интеграциялау мен жүзеге асырудың жаңашыл тәсілдері,  мектептегі тәрбие жұмысын трансформациялау» тақырыбындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне арналған оқу курсы бағдарламасының тақырыптары

 

3. Бағдарламаның тақырыптары

 

Тақырыптар

Мазмұны

1

Нормативтік-

құқықтық модуль

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тұжырымдамасында белгіленген міндеттер,  «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы, орта білім беру жүйесі педагогтерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен заңнамалармен жұмыс. Adilet.zan.kz нормативтік құқықтық актілердің ресми базасымен жұмыс.  

2

Басқарушылық модуль

Педагогикалық менеджмент. Оқытудағы басқару мен көшбасшылық. Тәрбие жұмысын диагностикалау.   Ресурстық қолдау. Ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беруші көшбасшы мемлекеттер тәжірибелері. Тәрбие ісі бойынша меңгерушілердің, сынып жетекшілерінің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және басқару. Тәрбие   жұмысының циклограммасы мен мониторингі.

3

Психологиялық – педагогика-лық модуль

 

Педагогтің ментальды саулығы және эмоционалдық тұрақтылығын сақату қажеттілігі. Білім беру саласындағы цифрлық трансформация мен жауапкершіліктің артуы, мұғалімдердің эмоционалдық жануы, стреске төзімділігін арттыру. Ата-аналармен конструктивті қарым-қатынас орнату. Психологиялық кеңес беру әдістері. «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тұжырымдамасы аясында оқушылардың психологиялық зардап шекпеуін қадағалау, қауіп-қатерді ерте анықтау және оларға психологиялық қолдау көрсету алгоритмдері.  

4

Мазмұндық модуль

Адал азамат» біртұтас бағдарламасы құндылықтарын тәрбие үрдісіне интеграциялау. Жаңашыл және креативті тәсілдер арқылы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: трансформация және жаңашылдық. Ұлттық мүдде, ар-ұят, жауапкершілік. Мектептегі тәрбие жұмысын трансформациялау, нақты нәтижелі жүйеге көшу. Қазақ этнопедагогикасы - ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің негізі және жасөспірім-дердің бойына ұлттық кодты сіңірудің тиімді құралы ретінде. Отбасылық құндылықтарды нығайту және ата-аналармен жұмыс. Азаматтық тәрбие, адалдық, ұлттық құндылықтар, отбасылық зорлық-зомбылық, оқушы-ның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Кәмелетке толмаған оқушылар арасындағы құқық бұзушылық,

физикалық және психологиялық агрессияның қалыптасуы. Тәрбие мен оқытуды интеграциялау, дарынды балалармен жұмыс. Әлеуметтік жобалармен жұмыс. Тәрбие мен оқу үрдісінде ЖИ құралдарымен жұмыс істеу алгоритмі, цифрлық білім беру кеңістігіндегі платформалар мен сервистерді қолдану. Курс тақырыбына орай жобалар жұмысын қорғау. Жобалар бойынша кейстер топтамасын құру. Lesson Study зерттеуі арқылы ұлттық құндылықтардың қолданылуын зерттеу және қолдану.

5

Технологиялық модуль

 

Пайдаланылатын қажетті платформалар мен сервистарға қосылуды қамтамасыз ету. Электрондық білім беру ресурстарын қолдану. Жасанды интеллект құралдарымен жұмыс жасаудың қажеттілігі. Цифрландыру және жасанды интеллект мәселелері. Бейнесабақтар мен онлайн курстарды құрастыру және түсіру жолдары.

 

Вариативтік  модуль

 

Зерттеушілік әрекет педагогтің кәсіби құзіреттілігін арттыру факторы ретінде курс соңында жоба жұмыстарын ұйымдастыру. Жобалау және зерттеу жұмыстарында алынған тақырыпты ашу, қойылған проблемаларды кешенді шешудің ғылыми-тәжірибелік,  әдістемелік тәсілдерін үлгілеу. Модуль бойынша алынған тақырыптардың мазмұнын ашу. 

 

 

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері және күтілетін  

    нәтижелері

 

4.1 Бағдарламаның мақсаты білім беру ұйымдарындағы тәрбие үрдісін «Адал азамат» тұжырымдамасы құндылықтары негізінде интеграциялау және трансформациялау. Ұлттық мүдде, ар-ұждан, ынтымақтастық, азаматтық құндылықтарды оқушы санасына дарытудың жаңашыл тәсілдерін меңгерту және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.

 

4.2 Бағдарламаның міндеттері:  

          1) Педагогтерге «Адал азамат» біртұтас тәрбие» бағдарламасының идеологиялық негіздерін, құндылықтар жүйесін түсіндіру; Әл-Фарабидің парасаттылық ілімі мен Абайдың «Толық адам» концепциясын қазіргі тәрбие жүйесімен ұштастыру жолдарын көрсету. Мектеп жасындағы балаларды дамытудың педагогикалық жүйелері мен әдістерінің негіздерін зерттеу және қолдану.

2) Мектеп жасындағы балаларды жан-жақты дамыту мақсатындағы тәрбие берудің мазмұны. Ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беру әдістемелері. Тәрбиелік іс-шараларды әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарының негізгі бағыттарын мен тәрбие берудің жаңа философиясының мәнін ашу.

          3) «Адалдық» және «адал азамат» ұғымының философиялық мәнін ұғындыру оны тәрбие сағаттарында, оқу пәнінің мазмұнына (интеграция) тиімді енгізу әдістемесін меңгерту. Тәрбие жұмысында инновациялық технологияларды (сторителлинг, кейс-стади, жобалық оқыту) қолдану дағдыларын қалыптастыру. Мектептегі тәрбие ортасын (дизайн, этика, ішкі мәдениет) құндылықтарға негізделген модельге трансформациялау жолдарын үйрету. 

4) Құндылықтарды пәнаралық интеграциялау. Ұлттық құндылықтарды тәрбие сағаттарымен шектемей, оқу пәндерінің мазмұнына жүйелі түрде кіріктіру әдістемесін меңгерту. Пән тақырыбының логикасы арқылы құндылықтың мәнін ашу. «Адал азамат» құндылықтарын (ұлттық мүдде, ар-ұждан, ынтымақтастық) пән мазмұны мен сыныптан тыс жұмыстарға кіріктірудің жолдарын үлгілеу.  

          5) Оқушылардың эмоционалдық интеллектісін және әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға бағытталған психологиялық құралдарды ұсыну. Тәрбие үрдісіндегі субъектілер (мұғалім-оқушы-ата-ана) арасындағы жаңа форматтағы коммуникация мен серіктестікті орнату. Моральдық таңдауды талап ететін жағдаяттарды талдау.

          6) Инновациялық тәрбие технологияларын игеру. Педагогтердің  заманауи тәрбие құралдарын тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.  Құндылықтарды практикалық іс-әрекет арқылы жүзеге асырудағы жоба жұмыстарын жазу. Жасанды интеллектпен жұмыс жасау, қажетті платформалар мен серерлерге қосылуды қамтамасыз ету;

7) Тәрбие ортасын трансформациялауды іске асыру. Мектептің ішкі мәдениетін, этикалық нормаларын және тіпті физикалық кеңістігін (дизайнын) құндылықтарға негізделген модельге көшіру жолдарын үлгілеу.  «Адал азамат» тұлғасын қалыптастыруға қызмет ететін біртұтас тәрбиелік жүйе құру.

          8) Тәрбие жұмысының тиімділігін бағалаудың заманауи индикатор-ларын (KPI) және мониторинг жүйесін әзірлеуді үйрету. Педагогтердің өзіндік кәсіби рефлексиясын (өз жұмысын талдау және жақсарту) дамыту.

          9) Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын «Адал азамат» тұжырымдамасына сәйкес жүйелі жоспарлаудың тиімді үлгілерін ұсыну. Педагогтерге тәрбие жұмыстарын жоспарлауды, оқушылармен және ата-аналармен жұмыс жүргізуде, кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда пайдаланылатын әдістерді ұсыну.

          10) Курс соңында педагогтер мектептегі тәрбие жұмысын формальды іс-шаралар жиынтығынан құндылықтарға негізделген жүйелі үрдіске айналдырудың нақты жоспар-картасын меңгерту.  

 

4.3. Бағдарламаның күтілетін нәтижелері

1) Жалпы орта білім беретін мекемелердегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы нормативтік-құқықтық құжаттарды, оқушыларды  тәрбиелеу мен оқытудың отандық тәрбие тұжырымдамаларын біледі. «Адал азамат» бағдарламасының мазмұнын, әл-Фараби мен Абайдың кемел тұлға туралы ілімдерін қазіргі тәрбие жүйесінде қолданудың заманауи тетіктерін меңгереді; Тәрбиенің жаңа философиясы мен бала тұлғасын дамытудың отандық және шетелдік озық модельдерін өз жұмысында басшылыққа алады.  

          2) Тәрбие саласында қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы толық мағлұматтар алады және іске асыру жолдарын түсінеді. Ұлттық құндылықтарды (ұлттық мүдде, ар-ұждан, ынтымақтастық) оқу пәндерінің мазмұнына пән логикасын бұзбай кіріктіре алады. Адалдық пен адамгершілік принциптерін тәрбие сағаттарының өзегіне айналдырудың әдістемелік алгоритмдерін қолдана алады. Жасөспірімдердің тұлғалық дамуын қалыптастыруда  ұлттық құндылықтарды сіңіру жолдарын игереді.

3) Тәрбие үрдісінде сторителлинг, кейс-стади, геймификация және жобалық оқыту сияқты инновациялық технологияларды пайдаланады. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін, цифрлық платформалар мен сервистерді тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда тиімді қолданады. Тәрбие саласында қолданылатын заманауи технологиялар мен әдістерді қолдану білігі қалыптасады, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік деңгейі қалыптасады. Тәрбие саласы бойынша бағдарламалар, әдістемеліктер жасаудың жолдарын түсінеді, бағдарламалар құрады.

          4) Тәрбие сапасына мониторинг жүргізу және кәсіби рефлексия (өз жұмысын сыни талдау) арқылы жұмыс сапасын тұрақты түрде жақсартады.

Мектептегі тәрбие жүйесі жаңа сапаға көшіп, оқушылардың бойында нақты отаншылдық, адалдық және жасампаздық қасиеттері қалыптасқан «Адал азамат» тұлғасының іргетасы бекиді.

 

5. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

 

5.1 Бағдарламаның құрылымы

Нормативтік - құқықтық модуль (8 сағат)

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына  Жолдауы, ҚР білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №214-IV Заңы, Қазақстан Республикасының «Балалардың  денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі №169-VI Заңы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы, Adilet.zan.kz нормативтік құқықтық актілердің ресми базасы және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы.  

 Басқарушылық модуль (12 сағат)

          «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басқару. Мектептегі және сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылу әдістері. Тәрбие жұмысының циклограм-масын құру, іс-шаралардың жиілігін (күнделікті, апталық, айлық) қарастыру. Тәрбие үрдісінің сапасын анықтауға, нәтижесін бағалауға және оны жақсарту үшін түзетулер енгізуге арналған мониторинг жасау. Сапаны басқару: білім мен тәрбие сапасын бағалауда деректерді талдау (data analytics) технологияларын қолдану арқылы басқару шешімдерінің тиімділігін арттыру.

         

 

Психологиялық - педагогикалық модуль (8 сағат)

Ұжымдағы психологиялық ахуалды зерттеу. Мұғалімдер ұжымының, сыныптың көңіл-күйі мен өзара қарым-қатынасын анықтау: диагностика, бақылау, сауалнама. Мұғалімдер мен оқушылардың эмоционалдық жағдайы және жұмыс өнімділігі. Отбасындағы және қоғамдағы зорлық-зомбылықтар, буллингтер мен кибербуллингтер оның психологиялық зардаптары және психологиялық диагностика, семинар-тренинг, сұхбат, алдын алу жұмыстары. Психологиялық кеңес беру жұмыстары.

 

Мазмұндық модуль (30 сағат) 

Біліктілікті арттыру курстары:

            1). Тәрбие – бұл тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің әрекетіне негізделетін, жеке тұлғаның адами сапасының қалыптасуын қамтамасыз ететін мақсаткерлікті үрдіс. Құндылыққа бағытталу: Ұлттық құндылықтарды ұстанушы және жеткізуші, адамгершілігі жоғары, рухани дамыған тұлғаны қалыптастыру. Әлеуметтік бейімделу: өзін қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнату және әлеуметтік ортаға негізделу. Рухани және физикалық өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту, салауатты өмір салты туралы ғылыми түсініктерді бекіту.

            2). Бағдарламаның оқу-тақырыптық жоспарына (бұдан әрі – ОТЖ) сай күндізгі және қашықтықтан оқыту түрлері ұйымдастырылады. Күндізгі және қашықтықтан оқыту курстарының ұзақтығы 80 академиялық сағатты құрайды. Ал бір апталық күндізгі оқу курстарын ұйымдастыру кезінде оқу-тақырыптық жоспарынадағы сағаттар саны екі есеге қысқарады, сабақтардың тақырыптары мен өткізу нысаны өзгеріссіз қалады.

            3). Күндізгі және аралас оқу режимінде тыңдаушылардың тәрбие бағыттары бойынша білімін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы, тәрбие сабақтарының шағын (шағын іс-шара) таныстырылымы, қорытынды тестілеу, сондай-ақ, аралас оқу режимінде аралық тестілеу өткізіледі. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар, тест тапсырмалары, жоба жұмыстарының және шағын сабақтардың (шағын іс-шаралардың) тақырыптары курстың оқу-әдістемелік кешеніне (бұдан әрі – ОӘК) енгізіледі.

            4) Білімді бақылау және бағалау жүйесі тыңдаушылардың оқу мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау үшін келесі бақылау түрлері қарастырады. Ағымдағы бақылау: өзіндік жұмыстар, жобалау тапсырмалары, тәрбиелік іс-шаралардың шағын таныстырылымы (micro-teaching). Аралық және қорытынды бақылау. Аралас оқу режиміндегі аралық тестілеу және курстың соңындағы қорытынды тестілеу.

            5) Білім мен тәрбие беру үрдісі түрлі әдістерді қамтиды: дәріс, семинар, практикалық жұмыс, көшпелі практикалық сабақтар, тренингтер, шеберлік сыныптар, конференция, дөңгелек үстел, шағын сабақ (шағын іс-шараның) таныстырылымы, рөлдік ойындар, кейс әдістері, бейнефильмдерді талқылау, мәселелерді бірлесіп шешу, сондай-ақ аралас оқу режиміндегі курстар үшін  вебинар, онлайн - форум, онлайн - кеңес және тыңдаушының өз бетімен оқуы.

Тәрбие саласындағы  халықаралық зерттеулер: шетелдік және отандық тәжірибені салыстырмалы талдау. Оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, тәрбие туралы ақпараттармен қамтамасыз ету жағдайында жасөспірімдердің функционалдық сауаттылығын дамыту жұмыстары жасалынады.

Тыңдаушылардың жасөспірімдерді тәрбиелеудегі кәсіби құзыреттілік-терін анықтау мен қалыптастыру үшін профессор-оқытушылар құрамы бағдарлама мазмұнын меңгертуде курс мазмұнын әзірлеп, курстың ОӘК–не енгізеді.

 

Технологиялық модуль (14 сағат)

Ақпараттандырудың қажеттілігі. Тәрбие жұмысын жоспарлаудан бастап, оның нәтижелерін мониторингілеуге дейінгі кезеңдерді цифрлық форматқа көшіру. Тәрбие  үрдісінде тәрбие  беруді ақпараттандыру үрдісінің жүзеге асырылуы. Ақпараттармен жұмыс жасау мәдениеті. Мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін арттыру. Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастыруда техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету.

         

Вариативтік модуль (8 сағат)

Зерттеушілік әрекет педагогтің кәсіби құзіреттілігін арттыру факторы ретінде курс соңында жоба жұмыстарын ұйымдастыру. Жобалау және зерттеу жұмыстарында алынған тақырыптарды ашу, қойылған проблемаларды кешенді шешудің ғылыми-тәжірибелік, әдістемелік, тәсілдерін үлгілеу. Модуль бойынша алынған тақырыптардың мәнін ашу. Сынып жетекшілерінің, тәлімгерлердің тұлғалық өсуі мен өзін-өзі дамытуда өзекті тақырыптарды таңдау, өзектілігін түсіну, жобалар құру.

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      5.2 Бағдарлама мазмұны

 

80 сағаттық директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен

сынып жетекшілеріне арналған біліктілікті арттыру курсының

оқу-тақырыптық жоспары

 

 

 

 

Сабақ

тақырыптары

 

 

 

 

Дәрістер

Таңдау дәрісі

Тәжірибелік сабақ

Тренинг

Семинар

Шеберлік  сыныбы

КТС

Конференция

Дөңгелек үстел

Көшбасшылық  іс-тәжірибе сабақты  қорғау

Жоба  қорғау

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

15

1

Нормативтік-құқықтық модуль

4

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

8

1.1

 

 

ҚР  Президенті Қ.Тоқаевтың

«Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тұжырым-дамасында белгі-ленген міндеттер,  «Жасанды интел-лект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

1.2

ҚР-да мектепке дейінгі, орта, тех-никалық және

кәсіптік білім бер-уді дамытудың 2023–2029 жылдар-ға арналған

тұжырымдамасы

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

1.3

Орта білім беру жүйесі педагогте-рінің қызметін реттейтін норма-тивтік-құқықтық актілер мен заңнамалар.  

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

4

2

Басқарушылық модуль

6

 

 

 

2

4

 

 

 

 

 

12

2.1

Ұлттық құндылық-тар негізінде тәрбие беру:  әлемдік озық тәжірибелер. Ұлттық болмысты сақтау

2

 

 

 

2  

 

 

 

 

 

 

4

2.2

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негі-зінде тәрбие жұмысын жоспар-лау, ұйымдастыру және басқару

 4

 

 

 

 

4   

 

 

 

 

 

8

3

Психологиялық – педагогикалық модуль

2

 

2

 

2

 

 

 

2

 

 

8

3.1

Білім мекемесі мен сыныптағы психо-логиялық ахуалды зерттеу, монито-ринг жүргізу жұмысы

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

3.2

Заманауи мектептегі психо-логиялық-педаго-гикалық қолдау: трансформация және инновациялық тәсілдер

 

 

 

 

 2

 

 

 

2

 

 

4

3.3

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының психологиялық аспектілері: құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығы

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

2

4

Мазмұндық модуль

10

 

8

2

6

2

 

 2

 

 

 

30

4.1

«Адал азамат» бағдарламасы құндылықтарын тәрбие үрдісіне интеграциялаудың жаңашыл  және креативті тәсілдері 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

4.2

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негі-зінде мектептегі тәрбие жұмысын трансформациялау, нәтижелі жүйеге көшу     

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

4.3

Қазақ этнопедаго-гикасы -  ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің негізі және жасөспірім-дердің бойына ұлттық кодты сіңірудің тиімді құралы ретінде

2

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

4

4.4

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында отбасылық құндылықтарды нығайту: мұғалім -оқушы -  ата-ана

2

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

4

4.5

Кәмелетке  тол-маған оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен түзету  жұмыстары

 2

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

4

4.6

 

Оқушылар ара-сындағы буллинг: физикалық және психологиялық агрессияның қалыптасуы

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

4

4.7

Заң және тәртіп:   құқықтық  мәдениет пен жауапкершілік

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

2

4.8

Тәрбие мен оқытуды интегра-циялау. «Ұшқыр ой» алаңы     

 

 

2

 

 

 

 

2

 

 

 

4

4.9

Әлеуметтік жобалар: жасөспі-рімдердің тұлғалық қасиеттерін (адалдық, жауап-кершілік, жанашырлық, ) дамыту

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

4

5.

Технологиялық модуль

2

 

6

4

 

 

 

 

 

 

2

14

5.1

Тәрбие мен оқу үрдісінде ЖИ құралдарымен жұмыс істеу алгоритмі (Промпт-инжиниринг)

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

4

5.2

Жасанды интеллект және цифрлық білім беру кеңісті-гіндегі   платформа-лар мен сервистер-ге қосылу (Мәтіндік және зияткерлік көмекшілер (LLM),  визуалды мазмұн,   дизайн сервистері, қауіпсіздік ережелері)

2

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

6

5.3

Цифрлық сауаттылық бағыттарын тәрбие жүйесіне интеграциялау

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

2

4

6.

Вариативтік  модуль

 

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

 

Азаматтық  тәрбие: жауапкершілік пен патриотизм

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

Рухани-адамгерші-лік қасиеттер - дәстүрлі насихаттан белсенді тәрбиеге көшу

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

Парасаттылық пен адалдық мектебі: кейстерді (жағдаят-тарды) талқылау

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

Дарынды балалар: айқындау, қолдау

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

Барлығы:

24

8

16

 6

14

6

 

2

2

 

2

 80

 

          6. Оқу үрдісін ұйымдастыру

Курстарды өткізу бір мезгілде немесе кезең-кезеңімен аудиториялық және қашықтықтан оқыту нысандарында әртүрлі бағыттар мен модульдерді игеру арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы орта білім беру мекемелері педагогтері теориялық біліммен бірге, практикалық дағдыларды игеруі керек. Осыған байланысты ұсынылып отырған білім беру бағдарламасының оқу-тақырыптық жоспарына практикалық сабақ пен шебер-сабақтарға сағат саны артты: Дәріс – 24 сағат (30 %), тренингтер, практикалық сабақ – 44 сағат (55 %), семинар, жоба, шебер-сабақтар – 12 сағат (15%),  (практика мен шебер-сабақтың жалпы сағат көлемі – 69%-ды құрайды.

Білім беру процесін аудиториялық (күндізгі) және қашықтан ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында: өздік жұмыс, жобалық жұмыс, шағын сабақтың (шағын іс-шараның) тұсаукесері, қорытынды тестілеу, сондай-ақ аралық тестілеу жүргізіледі. Білім беру процесі оқытудың интерактивті формалары мен әдістерін қамтиды: дәріс, семинар, практикалық жұмыс, шеберлік сабақтары, дөңгелек үстел, конференция, рөлдік ойындар, кейстер әдісі, бейнефильмдер түсіру, сұрақтарды бірлесіп шешу, сондай-ақ қашықтықтан оқыту режимінде курс үшін онлайн кеңес беру және тыңдаушыны өз бетінше оқыту.  

Білім беру үрдісін ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында кіріс және шығыс сауалнамасы, қорытынды тестілеу жүргізу.

 

7. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

Курстың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне мыналар кіреді:

- әдістемелік ұсынымдар;

- бейнематериалдар (қажеттілігіне қарай);

- интернет-ресурстар;

- үлестірме материалдар.

 

8. Оқу нәтижелерін бағалау

80 сағат көлеміндегі оқу нәтижелерін бағалау:

   - курстың модульдері бойынша тестілеу;

   - біліктілікті арттыру курсына қанағаттану туралы сауалнама жүргізу;

40 сағат көлеміндегі оқу нәтижелерін бағалау:

- курстың модульдері бойынша тестілеу;

- біліктілікті арттыру курсына қанағаттану туралы сауалнама жүргізу.

Тыңдаушылардың кәсіби құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін бағалау критерийлері мен бағдарлама мазмұнын меңгеру параметрлері әзірленеді. Қорытынды тестілеу нысанында өтеді. Сұрақтардың жалпы саны – 20. Қорытынды тестілеуден өту және біліктілікті арттыру курсын аяқтау үшін дұрыс жауаптардың 60% және одан жоғары санын жинау қажет. Шекті деңгей - 12 балл.

Әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

 

9. Курстан кейінгі қолдау

Біліктілікті арттыру курсынан өткен педагогтерді курстан кейінгі қолдаудың түрлері:

1. Тыңдаушыларға олардың педагогикалық, зерттеу және рефлексиялық қызметінде әдістемелік, консультациялық көмек көрсету;

2. Педагогикалық және зерттеу қызметінің нәтижелерін жариялауға дайындауда консультациялық көмек көрсету;

3. Педагогтердің кәсіби қоғамдастықтарының жұмысын ұйымдастыру және қолдау, оның ішінде тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар (байқаулар, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да білім беру шаралары) өткізу.

4.  Ғылыми-практикалық журналдарға және БАҚ-та ғылыми әзірлемелер мен мақалалар жариялау.

 

 

10. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1.    «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты мемлекет басшысы

2.    Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы.

3.    Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2022.

4.    Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Астана, 2023.

5.    Жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы». ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2023 жыл 19 қыркүйек.  №294 бұйрығы.  Астана. 2023ж. 

6.    «Адал азамат» тұжырымдамасы. ҚР Президентінің Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөздерінің негізіндегі әдістемелік нұсқаулықтар. 2023.

7.    «Мектептегі тәрбие жұмысын трансформациялау: әдістемелік құрал».

8.    Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА. Астана, 2023.

9.    Әл-Фараби. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары.  

10. Құнанбаев А. Қара сөздері. Алматы, 2024

11. Выготский Л. С. Психология развития ребенка. – М.: Смысл, 2005.  

12. Құсайынов А.Қ. Тәрбие негізі – ұлттық құндылықтар. – Алматы, 2021.

13. Робертсон И. Мозг и культура. Трансформация сознания в цифровую эпоху. – 2020.  

14. Керимов Л. Қиын баламен жұмыс. Алматы. 1992ж

15. Жарықбаев Қ. Жантану негiздерi. – Алматы, 2002.

16. Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. – Алматы: «РБК», 1997. – 141 б.

17. Қожахметова К.Ж. Тәрбие үрдісі мен оқушылардың тәрбие деңгейін бағалаудың өлшемдері. – Алматы, 2006. – 212 б.

18. Майғаранова Ш.М. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. – Ал­маты: Ғылым, 2002. – 124 б.

19. Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық тал­дау. – Алматы, 2000. – 240 б.

20. Оразбекова К.А. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық не­гіздері. Монография. – Алматы: Комплекс, 2000. – 330 б.

21. Дүйсенбаев А. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқулық. // А. Дүйсенбаев. – Астана: Фолиант, 2015. – 320 бет.

22. Сәдуақасов Ә., Есімбекова Б.О. Халықтық педагогика – ұлт тәрбиесі. Оқу құралы. Алматы,  «АIash Book» баспасы, 2024ж.

23. Бермус А. Г. Практическая педагогика. Введение в моделирование образовательных систем. – 2020.

 

 

Қосымша әдебиеттер:

1.    Табылдиев Ә. Халық тағылымы (қазақтың халық педагогикасы және тәрбие). – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 200 б.

2.    Әлмұхамбетов Б. А. «Дарынды балалармен жұмыс істеудің педагогикалық негіздері». — Мұғалімдерге арналған практикалық нұсқаулық. 2009 жыл. «Ғылым» ғылыми баспа орталығы.

3.    «Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» бойынша әдістемелік ұсынымдар. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Астана, 2021-2023 жж.

4.    М. З. Исаева, Г. К. Алдамұратова. «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу: Психологиялық-педагогикалық диагностика». Оқу-әдістемелік құрал. «Ұлағат» баспасы.  Алматы, 2014.

5.    Суицидология: учебное пособие. И.Шелехов, и.др. Томск, СГУМУ, 2011г.

6.    Есімбекова Б. Қазақ отбасы және тәрбие. Оқу құралы. Алматы, «АIash Book» баспасы, 2024ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша – 1

Тест

 

1. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде тәрбие жұмысын

    жоспарлаудың басты ерекшелігі неде?

А) Іс-шаралардың санын барынша көбейту

Ә) Құндылықтарға негізделген (Value-based) біртұтас экожүйе құру

Б) Тәрбие жұмысын тек сынып жетекшілеріне жүктеу

В) Жоспарды тек қағаз түрінде бекіту

  {Дұрыс жауап }= Ә

 

2. Көшбасшы мемлекеттердің (мысалы, Финляндия) тәжірибесіндегі

    «тәрбие беруші мектеп» моделінің негізі қандай?

А) Оқушыларды қатаң бақылауда ұстау

Ә) Күн сайын емтихан алу

Б) Мектептегі сенім ахуалы, баланың еркіндігі мен жауапкершілігінің тепе-теңдігі

В) Тек қана академиялық білімге көңіл бөлу

   {Дұрыс жауап }= Б

 

3. Көшбасшы мемлекеттер тәжірибесіндегі «School-Community

    Partnership» (Мектеп пен қоғамдастық серіктестігі) нені көздейді?

А) Жергілікті қауымдастықтың, бизнес пен мемлекеттік емес ұйымдардың тәрбие үрдісіне белсенді қатысуын

Ә) Мектептің қоршаған ортадан оқшаулануын

Б) Тек қана демеушілік көмек алуды

В) Оқушыларды мектептен тыс шығармауды

   {Дұрыс жауап }= А

 

4. Құндылықтар негізінде басқару (Value-based management) стилінде  

    мектеп директорының рөлі қандай?

А) Мектеп қауымдастығында (мұғалім, оқушы, ата-ана) ортақ құндылықтар мен мәдениетті қалыптастырушы көшбасшы

Ә) Тек бұйрықтар шығару

Б) Тек қаржылық мәселелерді шешу

В) Мұғалімдерді үнемі тексеріп отыру

   {Дұрыс жауап }= А

 

5. Сингапурдың «Character and Citizenship Education» (Мінез және

    азаматтық тәрбие) бағдарламасынан біздің жүйеге енген маңызды   

    компонент:

А) Жазалау жүйесін күшейту

Ә) Әлеуметтік-эмоционалдық оқыту (SEL) және құндылықтарды барлық пәндерге интеграциялау

Б) Тек қана IT технологияларды қолдану

В) Жоспарлауды тек қашықтықтан жүргізу

  {Дұрыс жауап }= Ә

 

6. Жапонияның тәрбие жүйесіндегі «Токкацу» (арнайы іс-шаралар)

    тәжірибесінің мақсаты не?

А) Оқушыларды техникалық мамандықтарға баулу

Ә) Шетел тілдерін жеделдетіп үйрету

Б) Тек қана спорттық жетістіктерді арттыру

В) Оқушылардың өзін-өзі басқаруын, ұжымдық жұмыс және өзара көмек  

     дағдыларын дамыту

  {Дұрыс жауап }= В

 

7. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы «Трансформация» процесі нені

    білдіреді?

А) Ескі форматтағы мерекелік шараларды қайталау

Ә) Мектептің атын өзгерту

Б) Тәрбиелік шаралардың мазмұнын заманауи трендтермен (волонтерлік, экологиялық мәдениет, ЖИ этикасы) жаңарту

В) Тек қана электронды есеп беруге көшу

   {Дұрыс жауап }= Б

 

8. Мектептегі тәрбие үрдісін басқаруда «Демократиялық стильді»

    қолданудың нәтижесі:

А) Оқушылардың мектеп өміріне қатысты шешім қабылдауға қатысуы және жауапкершілікті сезінуі

Ә) Мектепте тәртіптің жоғалуы

Б) Мұғалімдердің жұмыс істемеуі

В) Тек ата-аналардың айтқанымен жүру

   {Дұрыс жауап }= А

 

9. «Адал азамат» бағдарламасы бойынша тәрбие жұмысының

     тиімділігін мониторингтеудің заманауи әдісі:

А) Тек қатысушылар санын санау

Ә) Рефлексия, сауалнамалар және оқушының әлеуметтік дағдыларының (Soft Skills) өсуін талдау

Б) Фотоесептердің сапасына қарау

В) Сынып журналындағы бағаларды тексеру

   {Дұрыс жауап }= Ә

 

10. Тәрбие жұмысын жоспарлаудағы «Интеграцияланған тәсіл»

      дегеніміз:

А) Тәрбиені сабақтан бөлек қарастыру

Ә) Тек қана бір пән мұғаліміне жауапкершілік беру

Б) Барлық шараны бір күнге жинақтау

В) Құндылықтарды оқу пәндері, үзіліс уақыты және мектептен тыс шаралармен біртұтас байланыстыру

{Дұрыс жауап }= В

 

11. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі үш құндылығын

      көрсетіңіз:

А) Білім, ғылым, техника

Ә) Тәртіп, жауапкершілік, тазалық

Б) Ұлттық мүдде, ар-ұят, ана тілі

В) Ұлттық мүдде, ар-ұят, жауапкершілік

  {Дұрыс жауап }= В

 

12. Халықтық педагогикадағы «Толық адам» ілімінің авторы кім?

А) Ыбырай Алтынсарин

Ә) Абай Құнанбаев

Б) Шоқан Уәлиханов

В) Ахмет Байтұрсынұлы

   {Дұрыс жауап }= Ә

 

13. Ұлттық тәрбиенің негізгі құралдарының бірі — ауыз әдебиетінің

      маңызы неде?

А) Тек уақыт өткізу үшін ертегі айту

Ә) Тек жаттау қабілетін тексеру

Б) Мақал-мәтелдер, ертегілер мен жырлар арқылы баланың тілін дамытып, адамгершілікке баулу

В) Оқулықтардың көлемін толтыру

   {Дұрыс жауап }= Б

 

14. «Отбасы — ұлттық тәрбиенің алтын бесігі» дегенді қалай түсінесіз?

А) Баланың алғашқы тәрбиесі мен құндылықтары отбасындағы дәстүрлер арқылы қалыптасады

Ә) Барлық тәрбиені тек мектеп беруі тиіс

Б) Бала тек үйде отыруы керек

В) Ата-ананың тәрбиеге қатысы жоқ

  {Дұрыс жауап }= А

 

15. «Ар-ұят» құндылығы ұлттық тәрбиеде қалай көрініс табады?

А) Кез келген істен қашу

Ә) Тек қана ұялу

Б) Уәдеге беріктік, адалдық, үлкеннің алдын кесіп өтпеу және әдептілік

В) Өз пікірін айтпау

  {Дұрыс жауап }= Б

 

16. Жаһандану заманында ұлттық тәрбиенің рөлі қандай?

А) Басқа мәдениеттерден мүлдем оқшаулану

Ә) Өз мәдениетін сақтай отырып, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті, ұлттық болмысы мықты тұлға өсіру

Б) Тек қана шетелдік үлгіні көшіру

В) Техникалық прогрестен бас тарту

  {Дұрыс жауап }= Ә

 

17. Тәрбие жұмысындағы «Цифрлық сауаттылық» компонентіне не  

      жатады?

А) Тек компьютер ойнау

Ә) Кибербуллингтің алдын алу және желілік этикетті сақтау

 Б) Телефонды мүлдем пайдаланбау

В) Интернеттен дайын реферат көшіру

   {Дұрыс жауап }= Ә

 

18. Жасанды интеллект дәуірінде білім беру жүйесіндегі басты өзгеріс  

      неге бағытталуы тиіс?

А) Гаджеттерді мүлдем пайдаланбауға

Ә) Тек қағаз кітаптармен жұмыс істеуге

Б) Оқушылар мен педагогтердің цифрлық дағдыларын дамыту және ЖИ-ді оқу процесіне тиімді интеграциялауға

В) Барлық мұғалімдерді роботтармен алмастыруға

   {Дұрыс жауап }= Б

 

19. Adilet.zan.kz базасында құжаттың «күші жойылған» немесе  

      «қолданыстағы» мәртебесін білу не үшін маңызды?

А) Жұмыста тек заңды түрде күші бар, өзекті ақпаратты қолдану үшін

Ә) Құжаттың түсін ажырату үшін

Б) Құжатты жүктеп алу үшін ғана

В) Сайттың дизайнын бағалау үшін

   {Дұрыс жауап }= А

 

20. Азаматтық тәрбиенің басты мақсаты не?

А) Тек қана заңдарды жаттау

Ә) Басқа елдердің мәдениетін толық көшіру

Б) Өз құқықтары мен міндеттерін білетін, Отанын сүйетін жауапты азамат қалыптастыру

В) Тек қана әскери қызметке дайындалу

  {Дұрыс жауап }= Б

 

21. «Ұлттық құндылықтар – халық тәрбиесінің негізі» дегенді қалай

      түсінесіз?

А) Тек ұлттық киім кию

Ә) Шетелдік технологиялардан бас тарту

Б) Тек қана тарих пәнін оқу

В) Ғасырлар бойы жинақталған салт-дәстүр, ана тілі мен рухани мұра арқылы  

      ұрпақ тәрбиелеу

    {Дұрыс жауап }= В

 

22. «Парасаттылық пен адалдық мектебі» жобасының негізгі миссиясы:

А) Оқушыларға бизнес жүргізуді үйрету

Ә) Мектептегі техникалық базаны жаңарту

Б) Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен шыншылдықты қалыптастыру

В) Тек спорттық шаралар өткізу

   {Дұрыс жауап }= Б

 

23. Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы мектептің рөлі

      қандай?

А) Отбасы ісіне мүлдем араласпау

Ә) Қолайсыз отбасыларды ерте анықтау, бала құқығын қорғау және құқықтық кеңес беру Б) Тек қана ата-аналарды айыппұлмен қорқыту

В) Балаға үй шаруасын істетпеу

   {Дұрыс жауап }= Ә

 

24. Патриотизм сезімі ең алдымен неден басталады?

А) Өз отбасына, туған жеріне, мектебіне деген құрмет пен кішігірім игі істерден

Ә) Үлкен ұрандар айтудан

Б) Тек қана мемлекеттік қызметте істеуден

В) Шетелге саяхаттаудан

   {Дұрыс жауап }= А

 

25. «Адал азамат» тұжырымдамасындағы «Жауапкершілік» құндылығы

      нені білдіреді?

А) Жұмыстан ерте кету

Ә) Тек басқаларға бұйрық беру

Б) Өз қателігін өзгеге жабу

В) Өз ісінің, сөзінің салдарын түсіну және қоғам алдындағы міндетін

     орындау

   {Дұрыс жауап }= В

 

26. Балаға қатысты зорлық-зомбылық белгілері байқалған жағдайда

      педагог ең алдымен не істеуі керек?

А) Ештеңе көрмегендей болу

Ә) Мектеп әкімшілігіне, психологқа хабарлап, тиісті органдарға (111    

     нөміріне) ақпарат беру

Б) Көршілерінен сұрастыру

В) Баланы сабақтан шығарып жіберу

  {Дұрыс жауап }= Ә

 

27. Ұлттық тәрбиедегі «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» қағидасы қай

      құндылыққа жатады?

А) Ар-ұят және Әдептілік

Ә) Тек қана физикалық күш

Б) Экономикалық пайда

В) Құқықтық міндеттеме

  {Дұрыс жауап }= А

 

28. Тәрбие үрдісіндегі «Ата-ана – оқушы – мұғалім» үштігінің мақсаты:

А) Бір-бірін бақылау

Ә) Мектептің жұмысын ата-анаға жүктеу

Б) Баланың үйлесімді дамуы үшін ортақ құндылықтар аясында ынтымақтасу

В) Мұғалімнің беделін ғана ойлау

  {Дұрыс жауап }= Б

 

29. Қазіргі қоғамдағы «Адалдық» ұғымы академиялық ортада қалай

      көрініс табады?

А) Емтиханда көшіруге көмектесу

Ә) Плагиатқа жол бермеу, өз білімімен баға алу (Академиялық адалдық)

Б) Бағаны сатып алу

В) Тест сұрақтарын алдын ала тарату

   {Дұрыс жауап }= Ә

 

30. Білім беру үрдісінде Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын

      қолданудың басты қажеттілігі неде?

А) Мұғалімді толықтай алмастыру үшін

Ә) Мектептегі интернет трафигін тексеру үшін

Б) Оқушылардың гаджеттермен ойнауына жағдай жасау үшін

В) Күнделікті рутиндік жұмыстарды автоматтандыру және оқытуды жеке  

     тұлғаға бейімдеу (персонализация) үшін

   {Дұрыс жауап }= В

 

31. Мәтін негізінде санаулы секундта презентация құрастыруға

      мүмкіндік беретін ЖИ сервисін көрсетіңіз:

А) Google Docs

Ә) Microsoft Excel

Б) Gamma.app немесе Canva Magic Design

В) Paint

  {Дұрыс жауап }= Б

 

32. Электрондық білім беру ресурстары (ЭББР) дегеніміз не?

А) Оқу үрдісінде қолданылатын цифрлық контент (бейне, аудио, интерактивті тапсырмалар)

Ә) Тек қағаз түріндегі оқулықтар

Б) Мектептегі электронды сағаттар

В) Тек қана мектептің интернет желісі

   {Дұрыс жауап }= А

 

33. Жасанды интеллектімен жұмыс істеу кезіндегі "Промпт" (Prompt)

      дегеніміз не?

А) ЖИ бағдарламасының аты

Ә) ЖИ-ге берілетін нақты тапсырма немесе сұраныс мәтіні

Б) Компьютердің графикалық картасы

В) Интернет желісінің жылдамдығы

   {Дұрыс жауап }= Ә

 

34. Жобалау технологиясының басты мақсаты не?

А) Оқушыға дайын білімді жаттату

Ә) Тек қана теориялық білімді тексеру

Б) Оқушыны белгілі бір мәселені өз бетінше зерттеп, нақты өнім (нәтиже) алуға үйрету

В) Оқулықтағы мәтінді көшіріп жазу

   {Дұрыс жауап }= Б

 

35. Педагогтің рефлексиялық қызметіне әдістемелік көмек көрсетудің

      басты мақсаты не?

А) Мұғалімнің қателіктерін тауып, жазалау

Ә) Мұғалімді қосымша есеп беруге мәжбүрлеу

Б) Сабақ жоспарын мұғалімнің орнына жазып беру

В) Педагогтің өз тәжірибесіне талдау жасау дағдысын дамытып, кәсіби

     өсуіне жағдай жасау

   {Дұрыс жауап }= В

 

36. Мұғалімнің зерттеу қызметіндегі "Action Research" (Іс-әрекеттегі   

      зерттеу) әдісінің мәні неде?

А) Өз сабағындағы нақты мәселені анықтау, оны шешу жолдарын іздеу және нәтижесін бағалау

Ә) Тек теориялық кітаптар оқу

Б) Оқушылардан бақылау жұмысын алу

В) Басқа мектептің тәжірибесін есепсіз көшіру

{Дұрыс жауап }= А

 

 

37. Педагогикалық консалтинг кезіндегі "Кері байланыс" (Feedback)

     қандай болуы керек?

А) Тек қана сыннан тұруы керек

Ә) Конструктивті, нақты, дер кезінде және дамуға бағытталған

Б) Жалпылама, мақтау сөздерден ғана тұруы керек

В) Тек жазбаша түрде, хаттама арқылы берілуі керек

   {Дұрыс жауап }= Ә

 

38. Педагогке "Lesson Study" әдісі бойынша кеңес беру кезінде неге баса

      назар аударылады?

А) Мұғалімнің киіміне

Ә) Сыныптың тазалығына

Б) Оқушылардың оқу үрдісіне, олардың қиындықтарына және сабақтың тиімділігін топпен жоспарлауға

В) Мұғалімнің дауыс ырғағына

  {Дұрыс жауап }= Б

 

39. Консультация барысында қолданылатын "Коучинг" тәсілінің  

      ерекшелігі:

А) Мұғалімге дайын рецепт беру

Ә) Тек қана лекция оқу

Б) Мұғалімге бұйрық беру

В) Сұрақтар қою арқылы мұғалімнің өз әлеуетін ашуға және шешімді өзі  

     табуына көмектесу

    {Дұрыс жауап }= В

 

40. Педагогтің кәсіби даму портфолиосын жасауға көмектесу кезіндегі   

      рефлексиялық сұрақ:

 А) "Бүгін неше сабақ бердіңіз?"

 Ә) "Жалақыңыз қанша?"

 Б) "Осы іс-әрекетіңіз оқушының нәтижесіне қалай әсер етті және алдағы уақытта нені өзгертер едіңіз?"

 В) "Есепті қашан тапсырасыз?"

    {Дұрыс жауап }= Б