Биология пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар мен  функционалдық сауаттылықты  тиімді қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру

 

«Биология пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар мен  функционалдық сауаттылықты  тиімді қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбындағы биология пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған қысқа мерзімді оқу курсының

 

Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы

 

 

1-тарау. Жалпы ереже

Орта білім беру ұйымдарындағы биология пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, өткізу тәртібін айқындайды. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа сын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қорғай білген жөн. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғамдағы татулық пен келісімді, береке-бірлікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді»-деген ұстанымын басшылыққа отырып, ұлтымыздың  рухани құндылықтарын, дәстүрлі тәрбиенің алтын арқауын сақтап, ұлттық құндылықтардың мәні мен маңызын балалар мен жастарға ұғындырып, санасына дарыту қажеттілігі артты. «Ұлттық құндылықтарды қоғамдық дамудың, мәдениет пен әлеуметтік қарым-қатынастың, балалар мен жастарға берілетін білім мен  тәрбиенің ажырамас қағидасына айналдыруға ықпал ету қажет. 

Әрбір білім беру ұйымының міндеті - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.

Білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек:

ü білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

ü цифрлық - техникалық ресурстармен жабдықтау;

ü педагогикалық технологияларды, жасанды интеллект қызметтерін игеруді;

ü оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін қолданудың жолдарын;

ü білім беру барысында ұлттық құндылықтардың мәнін түсіндіру және білім беру кезеңдерінде оң бағытта пайдалану;

ü қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;

ü педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттырудағы «Биология пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар мен  заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» білім беру бағдарламасы орта мектептердегі биология пәні мұғалімдерінің  оқытуды кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады.

Курстың өзектілігі.

          Жаһандану жағдайында биология пәні мұғалімдерінің   оқушыларға сапалы білім беруін қамтамасыз ету, оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін,  ұлттық құндылықтарды тиімді қолдану, бәсекеге қабілетті білімді тұлғаны дайындау тәжірибесін үлгілеу. Оқушылардың функциональдық сауаттылығын қалыптастыруда басты рөл атқаратын, басты орында тұратын ұстаным - теория мен практиканың байланысты болуы ұстанымын қарастыру.

 

2. Глоссарий

1.    Биологиялық білім - адамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі, әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудың негізі.

2.   Біліктілік – тиісті кәсіби қызмет түрі шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті кәсіби білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің жиынтығы;

3.    Қорытынды бағалау – қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары бағдарламасының талаптарына сәйкес педагогтің біліктілік деңгейі мен құзыреттілігін растау рәсімі;

4.    Педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу – педагогтің курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі;

5.    Педагогикалық зерттеу әдістері – оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объективтік заңдылықтарын танып - білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы.

6.    Педагогикалық технология шеберлігі – білімдарлық үрдісті көтеру, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың жұмыс істеу ерекшеліктеріне мән беру.

7.    Функциональдық сауаттылық – алған біліміңді тәжірибеде қолдана білу.

8.    Блум таксономиясы - таксономия (греч. táxis — орналасу, қатар, тәртіп және  nómos - заң). Таксономия – нысандарды белгілі бір критерийлер мен ұстанымдар арқылы  жүйелеу және нақты құрылым бойынша реттілікпен орналастыру.  

9.    Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық көзқарас. ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында Жапонияда негізі қаланған.

10. Жасанды интеллект - интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым.

11. Сыни ойлау (ағылш. Critical thinking) - ойлаудың ерекше бір түрі болып, фактілерді анализдеу арқылы тұжырым қалыптастыру. 

12. Рефлексия-лат. «бейнелеу»  деген сөз (өз ойларын, бастан кешіргендерін талдау). Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай - күйін тануға бағытталуы. 

13. Критериалды бағалау – жиынтық және формативті бағалауды білдіреді.

14. Формативті/қалыптастырушы бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, оқушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші. Оқыту барысында оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру үрдісін жетілдіруге мүмкіндік береді.

15. Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін ұпай санымен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі.

16. Өзін-өзі бағалау-өзін-өзі білу арқылы өзіне баға беретін өзіндік сананың құрамдас бөлігі.

17. Эмоционалдық интеллект (EQ) дегеніміз - адамның өзінің эмоциясы мен басқа адамдардың эмоциясын тани және бақылай алуы, оларды ажырата білуі және соны өзінің ойлануы мен іс-әрекетіне қолдануы. EQ екі қабаттан тұрады: біріншісі-адамның өз сезімін тануы, екіншісі-өзге адамдардың сезімі мен эмоциясын тани алуы.

18.  Интеллект дегеніміз-адамның танымдық, ойлау қабілеттерін біріктіретін, сипаттайтын қабілеттердің жиынтығы: тану, ойлау, сезу, жад, есте сақтау, қиялдау, суреттеу, кескіндеу, елестету. Заманауи ұғыммен қарасақ, интеллекті деген-адамның мәселені шеше алуы, қоршаған ортаны тануы және сол танығанын іске асыра алуы.

19. Қазақ түсінігіндегі интеллект-біздің ата-бабаларымызда ақылмен зияттылықты интеллектуал ұғымын терең түсінген. Интеллектуал ұғымын «даналық, ақыл-парасат, пайым» деп түсінгені аңғарылады. Бұған би-шешендердің, даналардың айтқандары дәлел.

20.   Адам тұлғасының бағыттылығы - белгілі қоғамға оның мұрат- мақсаттарына орынды немесе теріс қатынастары тұрғысынан қарағандағы жеке адамның ең елеулі, шешуші сипаттамаларының бірі. Жинақталған түрінде адам тұлғасының бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету жолындағы күресі.

21.  Адамның өзінділігі (индивидуальность)-адам тұлғасының қайталанбас ерекшелігі, оның бүкіл адамзаттық құндылықтарды өндіру және жетілдіру қабілеті дамуының жоғарғы саласы. Тіршілік иесі ретінде адам басқа адамдармен қарым-қатынас барысында жалпы адамзаттық мәдениет мұраларын жасау түрлерін, тәсілдерін және құралдарын игере отырып қана өмір сүреді.

22.  Әдістемелік құрал - белгілі бір пәнді оқытуды ұйымдастыруды мұғалімге көмек көрсететін нұсқаулар және ақыл-кеңестер жиынтығы. Мұны тәжірбиелі ғалымдар, мұғалімдер қарайды.

23.  Бағыттылық принципі - жеке адамның жан-жақты дамуына оқыту мен тәрбиені үйлесімділігіне ықпал жасау.

24.   Даму-өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың түрі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты. Кез-келген даму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды.

25.   Дарынды балалар -  жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға, техникаға және т.б.) байқатқан балалар.

26.   Жеке тұлғаның дамуы-жеке адамды әлеуметтендіру және тәрбиелеу нәтижесінде, жеке адамды әлеуметтік тұлға ретінде қалыптастыру процесі.

27.   Педагогикалық басқару - қойылған мақсатқа сәйкес педагогикалық жағдайды, процесті немесе жүйелерді бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстыру процесі.

28.   Педагогикалық біліктілік - ол іс -әрекетке деген дайындық және іс-әрекеттің көзі. Мұғалімнің педагогикалық біліктілігі бірлесе педагогикалық шеберлікті айқындайды. Мұғалімнің педагогикалық біліктілігі оның мамандығына, дипломын, сапасына сәйкес анықталады.

29.   Педагогикалық зерттеу әдістері-оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объективтік заңдылықтарын танып-білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы.

30.  Педагогикалық технология шеберлігі - білімдарлық үрдісті көтеру, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың жұмыс істеу ерекшеліктеріне, әдістемелік тәжірбиесіне, жаңашыл әдістерін кеңінен пайдалануға үлкен мән беру болып табылады.

 

 

3. «Биология пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар мен  функционалдық сауаттылықты  тиімді қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру»  тақырыбындағы бағдарлама тақырыптары

 

Тақырыптар

Мазмұны

1

Нормативтік-

құқықтық модуль

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайдағы     Қазақстан халқына жолдауы. Орта білім беру жүйесі педагогтерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер және заңнамалар.   

2

Басқарушылық модуль

Ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беруші көшбасшы мемлекеттер тәжірибелері. Педагогикалық менеджмент. Білім берудегі көшбасшы мемлекеттер. Оқытудағы басқару мен көшбасшылық туралы. Жасанды интеллект және АКТ-ны қолдану жолдары. 

3

Психологиялық - педагогикалық модуль

 

Сабақ барысындағы психологиялық ахуал. Пәнді оқыту барысына психологиялық-педагогикалық талдау, кеңестер беру. Сабақ барысындағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы, сұхбаттасулары, пайымдауы мен шешімдеріне сыни тұжырымдар беру. Педагогтің эмоционалды тұрақтылығы, құзыреттілік амалдары. Буллинг, кибербуллингтің алдын алу жұмыстары. Қарым-қатынас этикасы.

4

Мазмұндық модуль

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы сабақты жоспарлау. Сабақты талдау әдістері, сабақ мониторингі.

Биология пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын дамыту (PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулер).

Биология пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар.

Биология пәнін оқыту жағдайында оқушылардың құзіреттіліктерін дамытуды ұйымдастыру.

Метатанымдық ой, ойлау үрдісі. Мәтінмен жұмыс.

Б.Блум таксономиясы. Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: критералды бағалау, оқу сапасын бағалаудың халықаралық зерттеулері.

Ғылыми жобаларға,  байқауларға қойылатын талаптар.

Авторлық бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі.

Дарынды балаларды айқындау мен дамытудың тиімді жолдары. Білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдер.

Педагогтың кәсіби құзіреттілігі.

5

Технологиялық модуль

 

Электрондық ресурстарды қолдану. Цифрландыру және жасанды интеллект мәселелері. Педагогикалық технологияларды қолдану және білім сапасын арттыру.

Білім беру үдерісінде электрондық білім беру ресурстарын қолдану. Lesson Study зерттеуі арқылы ұлттық құндылықтардың қолданылуын  зерттеу және қолдану. 

6

Вариативтік  модуль

 

Зерттеушілік әрекет педагогтің кәсіби құзіреттілігін арттыру факторы ретінде курс соңында жоба жұмыстарын ұйымдастыру. Модуль бойынша алынған тақырыптардың мәнін ашу. 

 

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері.

4.1 Бағдарламаның мақсаты: биология пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар мен заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруді ғылыми-әдістемелік негізде ұйымдастыру, тыңдаушыларды биология пәні бойынша оқушылардың оқу сауаттылығын тиімді қалыптастыру және бағалау әдістерімен таныстыру, сондай-ақ оқушыларды PISA халықаралық зерттеуіне сәтті дайындау үшін кешенді іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру.

 

4.2 Бағдарламаның міндеттері:

1) «функциональдық сауаттылық» және «оқу сауаттылық» ұғымдарының мәнін ашу, олардың өзектілігін, мазмұнын және оқушылардың қалыптасы тәсілдерін қалыптастыру;

2) PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеу әдістемесі мен құралдарын талдау;

3) педагогтерді оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған оқу тапсырмаларын әзірлеуге үйрету;

4) оқушыларды PISA халықаралық зерттеуіне кешенді дайындау бойынша практикалық ұсыныстар беру.

5) білім беруді модернизациялау жағдайында оқытудың жаңа түрлерін,  әдістері мен құралдарын кіріктіре отырып педагогтердің  біліктілігін кеңейту; педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде білім берудің отандық және шетелдік тәжірибелеріне негіздеу.

        6) оқушылардың білім жетістігін критериалды бағалау арқылы білім  мен дағдыларын қалыптастыру, әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарының негізгі бағыттарын, жаңа философиясының мәнін, педагогикалық қызметтің әралуан түрлерін мониторингілеу, жасөспірімдердің білім сапасын жақсарту, психологиялық-педагогикалық қолдау. Сабақты жоспарлау, басқару, бақылау.

7) басқарушылық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік және инновация-лық қызметтің әдістемелік тәсілдерін,  іске асыру жолдарын үлгілеу; 

        8) балалардың қабілет ерекшеліктері мен танымдық даму үрдісі туралы теориялық және тәжірибелік материалдармен жұмыс жүргізу.

        9) оқушының метатанымдық ойлау үрдісін өздігінен аңғара білуіне, рефлексиялық тұжырымдама жасауына ықпал ету.  

 

4.3. Бағдарламаның күтілетін нәтижелері

Оқыту нәтижесінде курс тыңдаушылары:

1) Жалпы орта білім беретін білім мекемелеріндегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы нормативтік-құқықтық құжаттарды, білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдерді игереді;

2)Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың өзектілігі мен маңызын, әдістемелік қызметтің заманауи әдістерін, қазіргі білім беру жүйесінің стратегиялық бағыттарын саралай алады; 

3) Критериалдық бағалауды, белсенді оқыту және сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттарды түсінеді, қолдана алады; 

      4) Сабақ барысында қолданылатын  заманауи білім технологиялары мен әдістерін қолдану білігі қалыптасады, ақпараттық-коммуникациялық және кәсіби құзыреттілік деңгейі қалыптасады;

5) Зияткерлік қабілеттерінің деңгейіне қарай оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуын, дарынды балаларды айқындау мен дамытудың тиімді жолдарын ұйымдастырады және қолайлы білім беру ортасын құруды игереді;

6) Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының категорияларын анықтауды; SMART форматында сабақ мақсатын жоспарлауды, сын тұрғысынан ойлауды, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллекті қолдануды ұйымдастырады.

7) Оқу сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері мен негізгі принциптерін біледі;

8) Оқу сауаттылығының қалыптасуын бағалау критерийлерін біледі;

9) Оқу процесінде оқу мақсаттарына сәйкес келетін білім алушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды жасайды және қолданады;

10) Оқушыларды PISA халықаралық зерттеуіне сәтті дайындау үшін кешенді іс-шараларды жоспарлайды және өткізеді.

 

 

4.4. Курс соңында тыңдаушылар қолданады:

Оқушылардың білім жетістігін критериалды бағалауды қолдану; басқару мен оқыту, жоспарлау үшін АКТ-стратегияларды қолдану; арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру мен тәрбиелеудің нақты мәселелері бойынша проблемалар жою және шешімдер қабылдау, білім беру үдерісін бақылаудың тиімді жүйесін құрып қолданады; функционалдық сауаттылықтың әдістемесін; сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің әдістемесін; Блум таксономиясын; (SWOT талдау: күшті тұстары, әлсіз тұстары, мүмкіндіктері, қауіптері) оқушылар жетістігін критериалды бағалаудың өлшемдер жүйесін түзу; SMART форматында сабақ мақсатын жоспарлау; оқыту үрдісінде тиімді технологиялар қолданады.

 

5. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны.

5.1. Бағдарламаның құрылымы

Бағдарлама 6 модульден тұрады:

1) Нормативтік-құқықтық модуль;

2) Басқарушылық модуль;

3) Психологиялық-педагогикалық модуль;

4) Мазмұндық модуль

5) Технологиялық модуль

6) Вариативтік модуль

Вариативтік модульдің тақырыптарын тыңдаушылар кіріс сауалнамасы барысында анықтайды. Тыңдаушылардың қиындықтар туғызған мәселелерін талқылау және шешу. Тыңдаушылардың сапалы құрамына және олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, бағдарлама мазмұнын саралау.

 

Нормативтік - құқықтық модуль (6 сағат)

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайдағы Қазақстан халқына жолдауы негізінде орта білім беру жүйесі педагогтерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер және заңнамалары. ҚР білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, ҚР «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Баланың құқықтары туралы» заңдары. Білім беру ұйымдары мен мектептің педагогикалық қызметкерлерінің әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық  заңнамалары.

Басқарушылық модуль (12 сағат)

Ұлттық құндылықтар негізінде білім беруші көшбасшы мемлекеттер тәжірибелері. Оқытудағы басқару мен көшбасшылық туралы. Жасанды интеллект.  АКТ-қазіргі білім беру ұйымдары педагогтерінің құзыреттілігі ретінде. Педагогикалық менеджмент: мәнісі, іске асыру ұстанымдары. Басқару жұмысының мониторингі.

Психологиялық-педагогикалық модуль (8 сағат)

Білім берудің жаңа философиясының мәні, тұлғалық-әрекеттік, құзыреттілік амалдары. Сабақ барысындағы психологиялық ахуал. Білім беру барысына психологиялық-педагогикалық талдау, кеңестер беру. Оқушылардың өзара қарым-қатынасы, сұхбаттасулары, пайымдаулары мен шешімдері.  Педагогтің эмоционалды тұрақтылығы, құзыреттілік амалдары. Буллинг, кибербуллингтің алдын алу жұмыстары. Метатанымдық ой, ойлау үрдісі.

Мазмұндық модуль (30 сағат)

1) Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы сабақты жоспарлау.

2) Оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.  

3) PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулері негізінде шетелдік және отандық тәжірибені салыстырмалы талдау.

4) Б.Блум таксономиясы. Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: критералды бағалау, оқу сапасын бағалау.

5) Биология пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар мен заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану. Метатаным және мәтінмен жұмыс.

6)Биология пәнін оқыту жағдайында оқушылардың құзіреттіліктерін дамытуды ұйымдастыру. Оқушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын дамыту.

7) Ғылыми жобаларға, байқауларға қойылатын талаптар. Авторлық бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі.

8) Дарынды балаларды айқындау мен дамытудың ерекшеліктері.  

9) Педагогтердің кәсіби құзіреттілігін жетілдіру.

Күндізгі және аралас оқу режимінде тыңдаушылардың білімін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы, тәрбие сабақтарының шағын (шағын іс-шара) таныстырылымы, қорытынды тестілеу, сондай-ақ, аралас оқу режимінде аралық тестілеу өткізу.

            Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар, тест тапсырмалары, жоба жұмыстарының және шағын сабақтардың (пәндік шағын іс-шаралардың) қорғалуы. Білім мен тәрбие беру үрдісі түрлі мен әдістерді қамтиды: дәріс, семинар, практикалық жұмыс, көшпелі практикалық сабақтар, тренингтер, шеберлік сыныптар, конференция, дөңгелек үстел, шағын сабақ (шағын іс-шараның) таныстырылымы, рөлдік ойындар, кейс әдістері, бейнефильмдерді талқылау, мәселелерді бірлесіп шешу, сондай-ақ аралас оқу режиміндегі курстар үшін  вебинар, онлайн-форум, онлайн-кеңес және тыңдаушының өз бетімен оқуы.

Технологиялық модуль (16 сағат)

Цифрландыру және жасанды интеллект мәселелері. Педагогикалық технологияларды қолдану және білім сапасын арттыру. Білім беру үдерісінде электрондық білім беру ресурстарын қолдану. Lesson Study зерттеуі арқылы ұлттық құндылықтардың қолданылуын  зерттеу. Білім сапасын басқарудың тиімділігін арттырудағы АКТ технологиялары. Сабақты зерттеу (Lesson Study) үдерісі арқылы білім ұйымдарын басқарудың жаңа амалдары.

 

Вариативтік модуль (8 сағат)

Жобалау-зерттеушілік әрекет педагогтің кәсіби құзіреттілігін арттыру факторы ретінде курс соңында жоба жұмыстарын ұйымдастыру. Модуль бойынша алынған тақырыптарды ашу.   

 

        5.2 Бағдарлама мазмұны

 

80 сағаттық биология пәні мұғалімдеріне арналған

біліктілікті арттыру курсының оқу-тақырыптық жоспары

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ

тақырыптары

 

 

 

 

Дәрістер

Таңдау дәрісі

Тәжірибелік сабақ

Тренинг

Семинар

Шеберлік  сыныбы

КТС

Конференция

Дөңгелек үстел

Көшбасшылық  іс-тәжірибе сабақты  қорғау

Жоба  қорғау

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

15

1

Нормативтік-құқықтық модуль

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

1.1

 

 

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың   IV Ұлттық құрылтайдағы     Қазақстан халқына жолдауы. 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

1.2

ҚР білім беруді дамытудың 2022-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

2

1.3

ҚР  «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы»,  «Баланың құқықтары туралы» заңдары. Білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерілердің әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық  заңнамалар

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

2

2

Басқарушылық модуль

4

 

6

 

 

2

 

 

 

 

 

12

2.1

Білім берудегі көшбасшы мемлекеттердегі білім беру теориясы мен тәжірибесі

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

2.2

Оқытудағы басқару мен көшбасшылық

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

2.3

Педагогикалық менеджмент. Сабақты бақылау әдістері

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

2

2.4

Басқару жұмысында жасанды интеллект және АКТ-ны қолдану

 

 

2

 

 

2

 

 

 

 

 

4

2.5

Lesson Study тәсілдері арқылы сабақты басқаруды ұйымдастыру және зерттеу   

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

2

3

Психологиялық - педагогикалық модуль

2

 

4

 

 

2

 

 

 

 

 

8

3.1

Педагогтің психологиялық эмоционалдық тұрақтылығы, құзыреттілік амалдары

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

2

3.2

Педагог-психологтың мотивациялық қабілет-тері арқылы мектептегі, сыныптағы салауатты психологиялық ахуалды жақсарту.  Буллинг, кибербуллингтің алдын алу жұмыстары

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

4

3.3

Психологиялық диагностикалау жұмыстары

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

4

Мазмұндық модуль

18

 

12

 

 

 

 

 

 

 

 

30

4.1

Оқушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын дамыту PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулері.

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

4.2

Биология сабақтарын жоспарлауда педагогикалық технологияларды қолдану. Жаратылыстану оқу сауаттылығын қалыптастыру: бағалау, түсініп оқу, бағдарлау, зерделеу.   

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

4.3

Блум таксономиясы негізінде биология пәнін оқытудың тиімді жолдары, түрлі үлгілері.

2

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

4

4.4

Зертханалық  жұмыс жүргізудің аспектілері

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

4.5

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу және бағалау әдістерін ұсыну.

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

2

4.6

Критериалды бағалау:  теориялық мәні, қағидалары, ұстанымдары. Білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдер.

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

2

4.7

Модельдеу жұмыстарын ұйымдастыру, құрылымы мен пайымдаушылық мәні. 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

4.8

Авторлық бағдарламлар мен ғылыми жобалар  жазудың ұстанымдары мен қағидалары  

4

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

6

4.9

Дарынды балалармен жасалатын жұмысты жоспарлау, дарынды балаларды анықтау 

2

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

4

4.10

Тәжірибелік жұмыс. Метатаным:  танымдық іс-әрекеттің ұйымдас-тырылуы, ұғым, мағына, ойлау, тұжырымдау, зерттеу жұмыстары.

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

2

5.

Технологиялық модуль

4

 

8

 

 

4

 

 

 

 

 

16

5.1

Цифрландыру  және жасанды интеллект қызметін қолдану

2

 

2

 

 

2

 

 

 

 

 

6

5.2

STEM-Қазақстанда білім берудің басым бағыты ретінде. Педагогикалық технологиялар түрлері арқылы білім сапасын арттырудың аспектілері

2

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

4

5.3

АКТ технологиясы және   электрондық білім беру ресурстарын қолдану

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

4

5.4

Lesson Study тәсілі арқылы сабақты зерттеу, талдау

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

2

6.

Вариативтік  модуль

 

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

6.1

Жасанды интеллекті сабақ  барысында қолдану, Жобаның түрлері, құрылымы, мақсаты. Ғылыми зерттеу жұмыстарын   жазу

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.2

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.3

Зерттеу жұмыстары, модельдеу жұмыстарының құрылымын  жазудың әдістері

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.4

Авторлық бағдарламлар мен ғылыми жобаларды үлгілеу 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы:

30

8

30

 

2

8

 

 

2

 

 

80

 

6. Оқу процесін ұйымдастыру

Курсты өткізу бір мезгілде немесе кезең-кезеңімен аудиториялық және қашықтықтан оқыту нысандарында әртүрлі бағыттар мен модульдерді игеру арқылы жүзеге асырылады.

Курс барысында дәріс – 30 сағат, практикалық сабақ – 30 сағат, семинар - 4 сағат, шеберлік  сабақтары - 8, жоба қорғау сабақтары - 8. Барлығы: 80 сағат.  1 академиялық сағат - 45 минут.

Жалпы орта білім беру мекемелері педагогтері теориялық біліммен бірге, практикалық дағдыларды игеруі керек. Осыған байланысты ұсынылып отырған білім беру бағдарламасының оқу-тақырыптық жоспарына практикалық сабақ пен шебер-сабақтарға сағат саны артты: Дәріс – 30 сағат (41 %), практикалық сабақ – 30 сағат (41 %), семинар, жоба, дөңгелек үстел, шеберлік сабақтар –20 сағат (19%). Практика мен шеберлік сабақтың жалпы сағат көлемі – 58% құрайды.

            Білім беру үрдісін аудиториялық (күндізгі) және қашықтан оқыту түрлері ұйымдастырылады. Білім беру үрдісі оқытудың интерактивті формалары мен әдістерін де қамтиды: дәріс, семинар, практикалық жұмыс, шебер-сабақ, конференция, дөңгелек үстел, рөлдік ойындар, кейстер әдісі, бейнефильмдерді талқылау, сұрақтарды бірлесіп шешу, сондай-ақ қашықтықтан оқыту режимінде курс үшін онлайн кеңес беру және тыңдаушыны өз бетінше оқыту. Күндізгі және онлайн оқыту үдерісінің мазмұнында білім алушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында оқыту мен оқудың әртүрлі нысандары мен әдістері, соның ішінде педагогтердің белсенділік сипатын қамтамасыз ететін интерактивті түрлері қолданылады: вебинарлар, сабақтың презентациясы, жобаны қорғау. 

            Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында қорытынды тестілеу жүргізіледі.

 

7. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

Курстың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне мыналар кіреді:

- әдістемелік ұсынымдар;

- бейнематериалдар (қажеттілігіне қарай);

- интернет-ресурстар;

- үлестірме материалдар.

 

8. Оқу нәтижелерін бағалау

  80 сағат көлеміндегі оқу нәтижелерін бағалау:

     - курстың модульдері бойынша тестілеу;

     - біліктілікті арттыру курсына қанағаттану туралы сауалнама жүргізу;

  40 сағат көлеміндегі оқу нәтижелерін бағалау:

     - курстың модульдері бойынша тестілеу;

     - біліктілікті арттыру курсына қанағаттану туралы сауалнама жүргізу.

  Тыңдаушылардың кәсіби құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін бағалау критерийлері мен бағдарлама мазмұнын меңгеру параметрлері әзірленеді. Қорытынды тестілеу нысанында өтеді. Сұрақтардың жалпы саны – 20. Қорытынды тестілеуден өту және біліктілікті арттыру курсын аяқтау үшін дұрыс жауаптардың 60% және одан жоғары санын жинау қажет. Шекті деңгей - 12 балл.

Әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

 

9. Курстан кейінгі қолдау

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016жылғы 28 қаңтардағы №95 «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі қолдау жұмысы» негізге ала отырып педагог қызметін курстан кейін қолдау- педагогтың  курстан кейінгі қызметіне үздіксіз мониторинг жүргізу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби құзіреттілігін дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі жүргізіледі. Курстан кейінгі мониторинг-педагогикалық практиканың нақты жай-күйін курстан бағдарламасының күтілетін нәтижелерімен, оның ішінде қашықтықтан салыстыру мақсатында сертификатталған педагогтердің курсынан кейінгі қызметтін бақылау және бағалау жүйесі. Біліктілікті арттыру курсынан өткен педагогтерді курстан кейінгі қолдаудың түрлері:

1. Тыңдаушыларға олардың педагогикалық, зерттеу және рефлексиялық қызметінде әдістемелік, консультациялық көмек көрсету;

2. Педагогикалық және зерттеу қызметінің нәтижелерін жариялауға дайындауда консультациялық көмек көрсету;

3. Педагогтердің кәсіби қоғамдастықтарының жұмысын ұйымдастыру және қолдау, оның ішінде тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар (байқаулар, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да білім беру шаралары) өткізу.

4.  Ғылыми-практикалық журналдарға және БАҚ-та ғылыми әзірлемелер мен мақалалар жариялау.

 

 

Бағалау өлшемдері

 

Бағалау параметрлері

Дәстүрлі бағалау

Баллмен бағалау

Бағалау

параметрлері

Іске асырылмаған

«Қанағатта-

нарлықсыз»

0-11 балл

-жұмыстың мазмұны мәлімделген тақырыпқа сәйкес келмейді;

-жұмыстың мәтіні ұқыпсыз, түсініксіз, өрескел стилистикалық қателер бар;

-бір немесе бірнеше дереккөздерден алынған мәтін үзінділерін ойланбастан көшіріп жазған, әдебиет пайдаланылмаған;

-қорытындылар жоқ немесе бөлім мазмұнына сәйкес келмейді;

-жұмыс талаптарға сәйкес рәсімделмеген.

ішінара жүзеге асырылды

«Қанағаттанарлық»

12-14 балл

-жұмыстың мазмұны тақырыпқа ішінара сәйкес келеді;

-жұмыс негізінен дұрыс рәсімделген, маңызды стилистикалық және грамматикалық қателер бар;

-Жұмысты рәсімдеуде ұқыпсыздық бар;өрістер қалдырылмаған, беттер нөмірленбеген, мәтін бойынша түзетулер жіберілген, титулдық парақ дұрыс рәсімделмеген;

-жұмысты орындау үшін үнемі көмек қажет болды, әдебиет ішінара пайдаланылды:

-қорытындылар жұмыстың барлық бөлімдері бойынша жасалмаған немесе бөлім мазмұнына ішінара сәйкес келмейді немесе келтірілген деректер бойынша қорытынды жоқ;

Мазмұны, әдебиеттер тізімі, суреттердің жазулары, кесте атаулары жоқ.

 

Түзетулерді ескере отырып, орташадан жоғары іске асырылған

«Жақсы»

15-17 балл

Жұмыстың мазмұны негізінен тақырыпқа сәйкес келеді немесе оның көлемі жоғары;

-жұмыс негізінен дұрыс жасалған, кейбір елеусіз стилистикалық және грамматикалық қателер бар;

-жұмыс негізінен өз бетінше орындалды, әдебиет қолданылды;

-қорытындылар негізінен бөлім мазмұнына сәйкес келеді;

-жұмыс негізінен дұрыс жасалған.

Талаптардан кейбір ауытқулар бар.

Толығымен іске асырылды

«Өте жақсы»

18-20 балл

Жұмыстың мазмұны негізінен тақырыпқа сәйкес келеді немесе оның көлемі жоғары;

-жұмыс негізінен дұрыс жасалған, кейбір елеусіз стилистикалық және грамматикалық қателер бар;

-жұмыс негізінен өз бетінше орындалды, әдебиет қолданылды;

-қорытындылар негізінен бөлім мазмұнына сәйкес келеді;

-жұмыс негізінен дұрыс жасалған.

Жұмыстың практикалық бөлігі дербес орындалды, барлық таңдалған әдебиеттер талданды және жұмыста қолданылды;

Жұмыс дұрыс жасалған, әр бөлім бойынша негізделген тұжырымдар бар.

 

Қорытынды бағалау тестілеу нысанында өтеді. Сұрақтардың жалпы саны -30. Қорытынды тестілеуден өту және біліктілікті арттыру курсын аяқтау үшін дұрыс жауаптардың 60% және одан жоғары санын жинау қажет. Шекті деңгей -12 балл. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

 

Қорытынды тестілеу

Модульдер бойынша сағаттарды және қорытынды тест сұрақтарын бөлу

Модульдердің атауы

Модульдердің сағат саны

Сұрақтар саны

1

Нормативтік-құқықтық модуль

6

2

2

Басқарушылық модуль.

12

4

3

Психологиялық-педагогикалық модуль.

8

4

4

Технологиялық модуль.

16

4

5

Мазмұндық модуль.

30

14

6

Вариативтік модуль.

8

2

 

БАРЛЫҒЫ

80

30

 

Баллмен бағалауға аудару шкаласы

 

Баға

Орындау ауқымы

Балл

5 өте жақсы

28-30

18-20 балл

4 жақсы

20-27

15-17 балл

3 қанағаттанарлық

13-19

12-14 балл

«Қанағаттанарлықсыз»

12- ден төмен

0-11 балл

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру» 2017 ж.

2. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталдығы, 2015ж.

3. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы. Астана, 2016 ж.

4. Мұғалімге арналған нұсқаулық, (екінші басылым), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталдығы, 2015ж.

5. З.У. Имжарова. Сын тұрғысынан ойлау білім үдерісінде. Оқу әдістемелік құрал. «ИПЦ-Көкжиек». Ақтөбе қаласы, 2012ж.

6. Алимов.А. «Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану» Алматы, 2012ж. «Жедел басу баспаханасы».

7. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы (2023 ж. 10.09. берілген өзгерістер мен толықтырумен);

8. Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VI Заңы (2023ж. 01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен);

9. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 28.01.2016 ж. 95 бұйрығы Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидалары (17.09.2023ж . өзгерістер мен толықтырулармен)

10.Zykova, I. The phraseological meaning construal in the traditional vs. cognitive culture-oriented perspectives // Lege artis. Language yesterday, today, tomorrow, The Joural of University of SS Cyril and Methodius in Trava. Warsaw: De Gruyter Open, 2016, vol. 1 (2), December 2016. p. 253- 286. DOI: 10.1515/lart-2016-0015 ISSN 2453-8035

 

 

 

 Қосымша – 1

Тест

 

1. Педагогика қандай негізгі мәселелерді қарастырады:

А) Тәрбиенің қоғамдағы алатын орнын.

В) Педагогиканың ғылым болып қалыптасу ерекшеліктерін.

С) Оқу-тәрбие үрдісінің теориялық негіздерін.

D) Өткендегі аса көрнекті педагогтардың идеяларын.

Е) Басқа ғылымдармен байланысын

  {Дұрыс жауап} = С

 

 

 

2.     Блум таксономиясындағы ең жоғарғы деңгей:

 А) Білу

В) Түсіну

С) Бағалау

Д) Талдау

{Дұрыс жауап} = С

 

3. Пән мұғалімінің атқаратын қызметіне:

А) Администрациялық-шаруашылық.

В) Оқушыларды теориялық және тәжірибе жағынан дайындау.

С) Пәндік білім беру, ұйымдастыушылық.

D) Педагогикалық кеңесті ұйымдастыру және өткізу.

Е) Мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

  {Дұрыс жауап } = С

 

4. Педагогиканың негізгі категориясы:

А) Материя.

В) Тәрбие.

С) Іс-әрекет.

D) Қарым-қатынас.

Е) Тұқым қуалаушылық.

  {Дұрыс жауап} = В

 

 5.Құзыреттілікке негізделген оқытуда басты назар аударылады:

А) Теориялық білімге

В) Қайталауға

С) Практикалық қолдануға

D) Мәтінді жаттауға

{Дұрыс жауап} = C

 

6. Мемлекеттің білім беру жүйесіне жатқызылады: 

А) Мектеп, конфессиалды ұйымдар, спорттық бірлестіктер.

В) Отбасы, пәндік үйірмелер, мектептен тыс ұйымдар.

С) Білім беру ұйымдарының жиынтығы (орта білім беру мекемелері, жоо, коледждер).

D) ЖОО, әскери ұйымдар, консерваториялар.

Е) Лицей, балалар үйі, діни ұйымдар.

  {Дұрыс жауап }= С

 

 7. Жеке тұлғаның  объективті қоғамдық қатынасқа икемделуі:

А) Әдет.

В) Дағды.

С) Даму.

D) Әлеуметтендіру

Е) Іскерлік.

  {Дұрыс жауап } = Д

 

8. Сын тұрғысынан ойлау -

А) ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарауы

В) Диалогтік оқыту

С)  Оқуды бағалау

D)  Оқу үшін бағалау

Е)  Талқылау

   {Дұрыс жауап } = А

 

9. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

А) Идеяны сол күйінде қабылдау

В) Сенім арту

С) Негізгі себептерін білу

D) Нәтижесін білу

Е) Өз идеясын айту.

   Дұрыс жауап }= Е

 

10. Ғалымдар судың құрамындағы ластануды анықтау үшін биоиндикатор ретінде бақаларды қолданады. Неліктен дәл бақа таңдалады? 

A) Олар суда көп қозғалады 

B) Тыныс алуы тек өкпе арқылы жүреді 

C) Терісі арқылы сыртқы ортадан тікелей әсер алады ✅ 

D) Олар жыртқыш болғандықтан

   Дұрыс жауап }= С

 

11. Бір өсімдіктің жапырағын көлеңке мен жарықта өсіріп, крахмалға реактив тамызғанда, жарықта өскен жапырақ көгерді, ал көлеңкеде — жоқ. Бұл тәжірибе нені дәлелдейді? 

A) Су крахмал түзуге қажет 

B) Жарық фотосинтезге қажет ✅ 

C) Жапырақтар бірдей жұмыс істемейді 

D) Жапырақта тек тыныс алу жүреді

  {Дұрыс жауап }= В

 

12. Ауа температурасы 40°C болғанда адам терлей бастайды. Бұл қандай механизмнің мысалы? 

A) Осмос 

B) Гидростатикалық қысым 

C) Гомеостаз ✅ 

D) Конвекция

 Дұрыс жауап }= С

 

13. Өзенге жақын орналасқан ауылда адамдарда паразиттік аурулар жиілеп кетті. Бұл жағдайдың алдын алу үшін не істеу керек? 

A) Хлорлы су ішу 

B) Өзенге шомылмау 

C) Су көзін санитарлық бақылау ✅ 

D) Иммунитетті көтеру

Дұрыс жауап }= С

 

14. Егер өсімдіктің жапырақтарын алып тастаса, қандай процесс ең қатты бұзылады? 

A) Суды тасымалдау

B) Фотосинтез ✅ 

C) Гормон түзілу 

D) Гүлдену

Дұрыс жауап }= В

 

15. Биологиялық қарудың кейбір түрлері бактерияларға негізделеді. Бұл қаншалықты қауіпті және неге? 

A) Бактериялар улы болмағандықтан 

B) Бактериялар тез жойылады 

C) Бактериялар тез көбейеді және мутацияланады ✅ 

D) Вирустардан жеңіл

  {Дұрыс жауап }= С

 

16. Сәби туғанда оның өкпесі алғаш рет тыныс алады. Бұл қандай процесс?  

A) Активті тасымал 

B) Рефлекстік әрекет ✅ 

C) Газ алмасу 

D) Метаболизм

Дұрыс жауап }= В

 

17. Ген экспрессиясын реттейтін факторлардың қайсысы эпигенетикалық деңгейге жатады? 

А) Рибосома 

В) ДНҚ тізбегі 

С) Гистон модификациясы 

D) Копия саны 

 Дұрыс жауап }= С

18. Хлоропласттың тилакоид мембранасында қандай процесс жүреді?

A) Жарық сатысы

B) Гликолиз 

C) Цикл Кребс 

D) ДНҚ синтезі 

 Дұрыс жауап }= A

 

19. Иммундық жүйедегі Т-хелпер жасушаларының рөлі қандай? 

A) Басқа иммун жасушаларын белсендіреді 

B) Патогендерді жояды 

C) Антитело өндіреді 

D) Эритроциттермен байланысады

 Дұрыс жауап }= A

 

20. Аллельдер арасында кодоминанттылық мысалы: 

A) Қоңыр және көк көз 

B) AB қан тобы

C) Рецессивті аурулар 

D) Құрғақ және дымқыл құлақ балауыздары 

 Дұрыс жауап }= B

 

21. Тыныс алу тізбегінде соңғы электрон қабылдаушы: 

A) Көмірқышқыл газы 

B) Оттегі 

C) Глюкоза 

D) НАД+ 

 Дұрыс жауап }= B

 

22. Биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) негізгі тобы: 

A) Минералдар 

B) Су 

C) Гормондар мен ферменттер 

D) Тұздар 

 Дұрыс жауап }= С

 

 

23. Жасушадағы ДНҚ қай органеллада кездеседі? (өсімдік үшін) 

A) Тек ядрода 

B) Ядрода, митохондрияда және хлоропласта 

C) Тек цитоплазмада 

D) Тек хлоропласта 

 Дұрыс жауап }= B

 

24. Органикалық эволюцияда конвергенция деген не?

АҰқсас белгілердің жоғалуы

В) Түрлі текті ағзалардың ұқсас бейімделулер қалыптастыруы

С) Бір түрдің бірнеше тармаққа бөлінуі

D) Түр ішілік жарықтың күшеюі

 Дұрыс жауап }= B

 

25. Адам эмбрионының дамуында нейруляция кезеңінде не түзіледі?

A) Жүрек

B)  Жүйке түтігі

C)   Тері

D)  Өкпе

 Дұрыс жауап }= B