Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар мен заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру

 

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар мен  заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбындағы  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған қысқа мерзімді

оқу курсының

 

Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы

 

1-тарау. Жалпы ереже

Орта білім беру ұйымдарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, өткізу тәртібін айқындайды. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы
№ 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа сын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қорғай білген жөн. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғамдағы татулық пен келісімді, береке-бірлікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді» - деген ұстанымын басшылыққа отырып, ұлтымыздың  рухани құндылықтарын, дәстүрлі тәрбиенің алтын арқауын сақтап, ұлттық құндылықтардың мәні мен маңызын балалар мен жастарға ұғындырып, санасына дарыту қажеттілігі артты. «Ұлттық құндылықтарды қоғамдық дамудың,  мәдениет пен әлеуметтік қарым-қатынастың, балалар мен жастарға берілетін білім мен  тәрбиенің ажырамас қағидасына айналдыруға ықпал ету қажет. 

Әрбір білім беру ұйымының міндеті - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.

Білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек:

ü білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

ü цифрлық - техникалық ресурстармен жабдықтау;

ü педагогикалық технологияларды, жасанды интеллект қызметтерін игеруді;

ü оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін қолданудың жолдарын;

ü білім беру барысында ұлттық құндылықтардың мәнін түсіндіру және білім беру кезеңдерінде оң бағытта пайдалану;

ü қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;

ü педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттырудағы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар мен  заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» білім беру бағдарламасы орта мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  оқытуды кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады.

Курстың өзектілігі.

          Жаһандану жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің   оқушыларға сапалы білім беруін қамтамасыз ету, оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін,  ұлттық құндылықтарды тиімді қолдану, бәсекеге қабілетті білімді тұлғаны дайындау тәжірибесін үлгілеу.

 

2.Глоссарий

1.    Біліктілік – тиісті кәсіби қызмет түрі шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті кәсіби білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің жиынтығы;

2.    Қорытынды бағалау – қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары бағдарламасының талаптарына сәйкес педагогтің біліктілік деңгейі мен құзыреттілігін растау рәсімі;

3.    Педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу – педагогтің курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі;

4.    Тұлға - дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам .   Адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. 

5.    Педагогикалық зерттеу әдістері – оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объективтік заңдылықтарын танып - білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы.

6.    Педагогикалық технология шеберлігі – білімдарлық үрдісті көтеру, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың жұмыс істеу ерекшеліктеріне мән беру.

7.    Функциональдық сауаттылық – алған біліміңді тәжірибеде қолдана білу.

8.    Блум таксономиясы - таксономия (греч. táxis — орналасу, қатар, тәртіп және  nómos - заң). Таксономия – нысандарды белгілі бір критерийлер мен ұстанымдар арқылы  жүйелеу және нақты құрылым бойынша реттілікпен орналастыру.  

9.    Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық көзқарас. ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында Жапонияда негізі қаланған.

10. SMART-ағылшын тілінен аударғанда ақылды деген мағынаны білдіреді.

11. STEМ – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттелуі.

12. Жасанды интеллект - интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым.

13. Сыни ойлау (ағылш. Critical thinking) - ойлаудың ерекше бір түрі болып, фактілерді анализдеу арқылы тұжырым қалыптастыру. 

14. Рефлексия – лат. «бейнелеу»  деген сөз (өз ойларын, бастан кешіргендерін талдау). Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жандүниесін, психикалық жай - күйін тануға бағытталуы. 

15. Критериалды бағалау – жиынтық және формативті бағалауды білдіреді.

16. Формативті/қатыптастырушы бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, оқушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші. Оқыту барысында оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру үрдісін жетілдіруге мүмкіндік береді.

17. Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін ұпай санымен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі.

18. Өзін-өзі бағалау - өзін-өзі білу арқылы өзіне баға беретін өзіндік сананың құрамдас бөлігі.

19. Грамматика (гр. γραμματική; грамматике – әріп, жазу) - тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.

20. Фонетика - тіл біліміндегі тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын, естілімін қарастыратын ғылым.

21. Лексика (грек. лексикос - сөздік) - тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрамы. 

22. Морфология - сөздің грамматикалық мағыналары мен формалары, грамматикалық категориялар, сөздің морфологиялық құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты. 

23. Синтаксис - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөздердің  бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.

24. Реализм (латынша realis – заттылық, шындық) - әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс.

25. Романтизм – әдебиеттегі, көркем өнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс.

26. Тіл - белгілі бір ұғымды немесе затты, түсінікті белгілейтін және дыбыстауы бар ортақ қабылданған таңбалар жүйес, грамматика мен лексикадан тұратын тілдесудің құрылымдық жүйесі.

27. Жалпы тіл білімі  - тіл ғылымының жалпы тілдік теориясы. Тілдердің бәріне ортақ заңдылықтар мен белгілер типологиялық зерттеулердің және тілдің функционалдық кызметін салыстыру нәтижесінде анықталады.

28. Әдебиет - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.

 

3. «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар мен  заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы педагогтердің  кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбындағы бағдарлама тақырыптары

 

3. Бағдарламаның тақырыптары

 

Тақырыптар

Мазмұны

1

Нормативтік-

құқықтық модуль

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайдағы     Қазақстан халқына жолдауы. Орта білім беру жүйесі педагогтерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер және заңнамалар.   

2

Басқарушылық модуль

Ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беруші көшбасшы мемлекеттер тәжірибелері. Педагогикалық менеджмент. Білім берудегі көшбасшы мемлекеттер. Оқытудағы басқару мен көшбасшылық туралы. Жасанды интеллект және АКТ-ны қолдану жолдары. 

3

Психологиялық - педагогикалық модуль

 

Сабақ барысындағы психологиялық ахуал. Пәнді оқыту барысына психологиялық-педагогикалық талдау, кеңестер беру. Сабақ барысындағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы, сұхбаттасулары, пайымдауы мен шешімдеріне сыни тұжырымдар беру. Педагогтің эмоционалды тұрақтылығы, құзыреттілік амалдары. Буллинг, кибербуллингтің алдын алу жұмыстары. Қарым-қатынас этикасы.

4

Мазмұндық модуль

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы сабақты жоспарлау. Сабақты талдау әдістері, сабақ мониторингі.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын дамыту (PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулер).

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар.

Қазақ тілін оқыту жағдайында оқушылардың құзіреттіліктерін дамытуды ұйымдастыру.

Метатанымдық ой, ойлау үрдісі. Мәтінмен жұмыс.

Б.Блум таксономиясы. Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: критералды бағалау, оқу сапасын бағалаудың халықаралық зерттеулері.

Ғылыми жобаларға,  байқауларға қойылатын талаптар.

Авторлық бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі.

Дарынды балаларды айқындау мен дамытудың тиімді жолдары. Білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдер.

Педагогтың кәсіби құзіреттілігі.

5

Технологиялық модуль

 

Электрондық ресурстарды қолдану. Цифрландыру және жасанды интеллект мәселелері. Педагогикалық технология-ларды қолдану және білім сапасын арттыру.

Білім беру үдерісінде электрондық білім беру ресурстарын қолдану. Lesson Study зерттеуі арқылы ұлттық құндылықтардың қолданылуын  зерттеу және қолдану. 

6

Вариативтік  модуль

 

Зерттеушілік әрекет педагогтің кәсіби құзіреттілігін арттыру факторы ретінде курс соңында жоба жұмыстарын ұйымдастыру. Модуль бойынша алынған тақырыптардың мәнін ашу. 

 

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері және күтілетін нәтижелері.

4.1. Бағдарламаның мақсаты – қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар мен заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруді ғылыми-әдістемелік негізде ұйымдастыру.

 

4.2 Бағдарламаның міндеттері: 

1)          білім беруді модернизациялау жағдайында оқытудың жаңа түрлерін,  әдістері мен құралдарын кіріктіре отырып педагогтердің  біліктілігін кеңейту; педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде білім берудің отандық және шетелдік тәжірибелеріне негіздеу.

           2)      оқушылардың білім жетістігін критериалды бағалау арқылы білім  мен дағдыларын қалыптастыру, әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарының негізгі бағыттарын, жаңа философиясының мәнін, педагогикалық қызметтің әр алуан түрлерін мониторингілеу, жасөспірімдердің білім сапасын жақсарту, психологиялық-педагогикалық қолдау.

3) сабақты жоспарлау мен басқару, бақылау.

4) басқарушылық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік және инновация-лық қызметтің әдістемелік тәсілдерін,  іске асыру жолдарын үлгілеу; 

        4) балалардың қабілет ерекшеліктері мен танымдық даму үрдісі туралы теориялық және тәжірибелік материалдармен жұмыс жүргізу.

        5) оқушының метатанымдық ойлау үрдісін өздігінен аңғара білуіне, рефлексиялық тұжырымдама жасауына ықпал ету.  

          

              4.3 Бағдарламаның күтілетін нәтижелері

1) Жалпы орта білім беретін білім мекемелеріндегі оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы нормативтік-құқықтық құжаттарды, білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдерді игереді;

          2) функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың өзектілігі мен маңызын, әдістемелік қызметтің заманауи әдістерін, қазіргі білім беру жүйесінің стратегиялық бағыттарын саралай алады; 

3) критериалдық бағалауды, белсенді оқыту және сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттарды түсінеді, қолдана алады;  

          4) сабақ барысында қолданылатын  заманауи білім технологиялары мен  әдістерін қолдану білігі қалыптасады, ақпараттық-коммуникациялық және кәсіби құзыреттілік деңгейі қалыптасады;

5) зияткерлік қабілеттерінің деңгейіне қарай оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуын, дарынды балаларды айқындау мен дамытудың тиімді жолдарын ұйымдастырады және қолайлы білім беру ортасын құруды игереді;

6)  Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының категорияларын анықтауды; SMART форматында сабақ мақсатын жоспарлауды, сын тұрғысынан ойлауды, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллекті қолдануды ұйымдастырады.

            5.Бағдарламаның құрылымы мен  мазмұны

5.1 Бағдарламаның құрылымы

 

Нормативтік - құқықтық модуль (6 сағат)

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайдағы Қазақстан халқына жолдауы негізінде орта білім беру жүйесі педагогтерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер және заңнамалары. ҚР білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, ҚР «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Баланың құқықтары туралы» заңдары. Білім беру ұйымдары мен мектептің педагогикалық қызметкерілерінің әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық  заңнамалары.

Басқарушылық модуль (12 сағат)

Ұлттық құндылықтар негізінде білім беруші көшбасшы мемлекеттер тәжірибелері. Оқытудағы басқару мен көшбасшылық туралы. Жасанды интеллект.  АКТ – қазіргі білім беру ұйымдары педагогтерінің құзыреттілігі ретінде. Педагогикалық менеджмент: мәнісі, іске асыру ұстанымдары. Басқару жұмысының мониторингі.

Психологиялық-педагогикалық модуль (8 сағат)

Білім берудің жаңа философиясының мәні, тұлғалық-әрекеттік, құзыреттілік амалдары. Сабақ барысындағы психологиялық ахуал. Білім беру барысына психологиялық-педагогикалық талдау, кеңестер беру. Оқушылардың өзара қарым-қатынасы, сұхбаттасулары, пайымдаулары мен шешімдері.  Педагогтің эмоционалды тұрақтылығы, құзыреттілік амалдары. Буллинг, кибербуллингтің алдын алу жұмыстары. Метатанымдық ой, ойлау үрдісі.

Мазмұндық модуль (30 сағат)

1) Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы сабақты жоспарлау.

2) Оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.   

3) PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулері негізінде шетелдік және отандық тәжірибені салыстырмалы талдау.

4) Б.Блум таксономиясы. Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: критералды бағалау, оқу сапасын бағалау.

5) Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар мен  заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану. Метатаным және мәтінмен жұмыс.

6) Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту жағдайында оқушылардың құзіреттіліктерін дамытуды ұйымдастыру. Оқушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын дамыту.

7) Ғылыми жобаларға, байқауларға қойылатын талаптар. Авторлық бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі.

8) Дарынды балаларды айқындау мен дамытудың ерекшеліктері.   

9) Педагогтердің кәсіби құзіреттілігін жетілдіру.

Күндізгі және аралас оқу режимінде тыңдаушылардың білімін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы, тәрбие сабақтарының шағын (шағын іс-шара) таныстырылымы, қорытынды тестілеу, сондай-ақ, аралас оқу режимінде аралық тестілеу өткізу.

            Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар, тест тапсырмалары, жоба жұмыстарының және шағын сабақтардың (пәндік шағын іс-шаралардың) қорғалуы. Білім мен тәрбие беру үрдісі түрлі мен әдістерді қамтиды: дәріс, семинар, практикалық жұмыс, көшпелі практикалық сабақтар, тренингтер, шеберлік сыныптар, конференция, дөңгелек үстел, шағын сабақ (шағын іс-шараның) таныстырылымы, рөлдік ойындар, кейс әдістері, бейнефильмдерді талқылау, мәселелерді бірлесіп шешу, сондай-ақ аралас оқу режиміндегі курстар үшін  вебинар, онлайн - форум, онлайн - кеңес және тыңдаушының өз бетімен оқуы.

Технологиялық модуль (16 сағат)

Электрондық ресурстарды қолдану. Цифрландыру және жасанды интеллект мәселелері. Педагогикалық технологияларды қолдану және білім сапасын арттыру. Білім беру үдерісінде электрондық білім беру ресурстарын қолдану. Lesson Study зерттеуі арқылы ұлттық құндылықтардың қолданылуын  зерттеу. Білім сапасын басқарудың тиімділігін арттырудағы АКТ технологиялары. Сабақты зерттеу (Lesson Study) үдерісі арқылы білім ұйымдарын басқарудың жаңа амалдары.

Вариативтік модуль (8 сағат)

Жобалау – зерттеушілік әрекет педагогтің кәсіби құзіреттілігін арттыру факторы ретінде курс соңында жоба жұмыстарын ұйымдастыру. Модуль бойынша алынған тақырыптарды ашу.   

 

5.2 Бағдарлама мазмұны

 

80 сағаттық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған

біліктілікті арттыру курсының оқу-тақырыптық жоспары

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ

тақырыптары

 

 

 

 

Дәрістер

Таңдау дәрісі

Тәжірибелік сабақ

Тренинг

Семинар

Шеберлік  сыныбы

КТС

Конференция

Дөңгелек үстел

Көшбасшылық  іс-тәжірибе сабақты  қорғау

Жоба  қорғау

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

15

1

Нормативтік-құқықтық модуль

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

1.1

 

 

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың   IV Ұлттық құрылтайдағы     Қазақстан халқына жолдауы.  

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

1.2

ҚР білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

2

1.3

ҚР  «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы»,  «Баланың құқықтары туралы» заңдары. Білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерілердің әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық  заңнамалар

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

2

2

Басқарушылық модуль

4

 

6

 

 

2

 

 

 

 

 

12

2.1

Білім берудегі көшбас-шы мемлекеттердегі білім беру теориясы мен тәжірибесі

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

2.2

Оқытудағы басқару мен көшбасшылық

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

2.3

Педагогикалық менеджмент. Сабақты бақылау әдістері

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

2

2.4

Басқару жұмысында жасанды интеллект және АКТ-ны қолдану

 

 

2

 

 

2

 

 

 

 

 

4

2.5

Lesson Study тәсілдері арқылы сабақты басқаруды ұйымдасты-ру және зерттеу   

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

2

3

Психологиялық - педагогикалық модуль

2

 

4

 

 

2

 

 

 

 

 

8

3.1

Педагогтің психология-лық эмоционалдық тұрақтылығы, құзырет-тілік амалдары

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

2

3.2

Педагог-психологтың мотивациялық қабілет-тері арқылы мектептегі, сыныптағы салауатты психологиялық ахуалды жақсарту.  Буллинг, кибербуллингтің алдын алу жұмыстары

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

4

3.3

Психологиялық диа-гностикалау жұмыстары

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

4

Мазмұндық модуль

18

 

12

 

 

 

 

 

 

 

 

30

4.1

Оқушылардың функцио-налдық сауаттылық дағдыларын дамыту PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулері

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

4.2

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын жоспарлауда педагогикалық техноло-гияларды қолдану.  

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

4.3

Б.Блум таксономиясы негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың тиімді жолдары

2

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

4

4.4

Мәтінмен жұмыс жүргізудің аспектілері

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

4.5

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу және бағалау әдістерін ұсыну.

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

2

4.6

Критериалды бағалау:  теориялық мәні, қағида-лары, ұстанымдары.

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

2

4.8

Эссе жұмыстарын жазу, эссе түрлері, құрылымы мен пайымдаушылық мәні. 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

4.9

Авторлық бағдарламлар мен ғылыми жобалар  жазудың ұстанымдары мен қағидалары   

4

 

2

 

 

 

 

   

 

 

6

4.10

Дарынды балалармен жасалатын жұмысты жоспарлау, дарынды балаларды анықтау 

2

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

Тәжірибелік жұмыс. Метатаным:  танымдық іс-әрекеттің ұйымдас-тырылуы, ұғым, мағына, ойлау, тұжырымдау жұмыстары.

 

 

2

 

 

 

 

 

 

   

2

5.

Технологиялық модуль

4

 

8

 

 

4

 

 

 

 

 

16

5.1

Цифрландыру  және жасанды интеллект қызметін қолдану

2

 

2

 

 

2

 

 

 

 

 

6

5.2

Педагогикалық технологиялар түрлері арқылы білім сапасын арттырудың аспектілері

2

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

4

5.3

АКТ технологиясы және   электрондық білім беру ресурстарын қолдану

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

4

5.4

Lesson Study тәсілі арқылы сабақты зерттеу, талдау

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

2

6.

Вариативтік  модуль

 

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

6.1

Жобаның түрлері, құры-лымы, мақсаты. Жоба  жұмыстарын жазу

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.2

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.3

Мәтін және академия-лық мәтіндерді жазудың әдістері

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.4

Авторлық бағдарламлар мен ғылыми жобаларды үлгілеу 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы:

30

8

30

 

2

8

 

 

2

 

 

80

 

6. Оқу процесін ұйымдастыру

Курсты өткізу бір мезгілде немесе кезең-кезеңімен аудиториялық және қашықтықтан оқыту нысандарында әртүрлі бағыттар мен модульдерді игеру арқылы жүзеге асырылады.

Курс барысында дәріс – 30 сағат, практикалық сабақ – 30 сағат, семинар – 4 сағат, шеберлік  сабақтары – 8, жоба қорғау сабақтары – 8. Барлығы: 80 сағат.  1 академиялық сағат - 45 минут.

Жалпы орта білім беру мекемелері педагогтері теориялық біліммен бірге, практикалық дағдыларды игеруі керек. Осыған байланысты ұсынылып отырған білім беру бағдарламасының оқу-тақырыптық жоспарына практикалық сабақ пен шебер-сабақтарға сағат саны артты: Дәріс – 30 сағат (41 %), практикалық сабақ – 30 сағат (41 %), семинар, жоба, дөңгелек үстел, шеберлік сабақтар –20 сағат (18%). Практика мен шеберлік сабақтың жалпы сағат көлемі – 59% құрайды.

            Білім беру үрдісін аудиториялық (күндізгі) және қашықтан оқыту түрлері ұйымдастырлады. Білім беру үрдісі оқытудың интерактивті формалары мен әдістерін де қамтиды: дәріс, семинар, практикалық жұмыс, шебер-сабақ, конференция, дөңгелек үстел, рөлдік ойындар, кейстер әдісі, бейнефильмдерді талқылау, сұрақтарды бірлесіп шешу, сондай-ақ қашықтықтан оқыту режимінде курс үшін он-лайн кеңес беру және тыңдаушыны өз бетінше оқыту. Күндізгі және он-лайн оқыту үдерісінің мазмұнында білім алушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында оқыту мен оқудың әртүрлі нысандары мен әдістері, соның ішінде педагогтердің белсенділік сипатын қамтамасыз ететін интерактивті түрлері қолданылады: вебинарлар, сабақтың презентациясы, жобаны қорғау, мәтінмен жұмыс, эссе және шығарма жазу,

            Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында қорытынды тестілеу жүргізіледі.

 

7. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

Курстың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне мыналар кіреді:

- әдістемелік ұсынымдар;

- бейнематериалдар (қажеттілігіне қарай);

- интернет-ресурстар;

- үлестірме материалдар.

 

8. Оқу нәтижелерін бағалау

  80 сағат көлеміндегі оқу нәтижелерін бағалау:

     - курстың модульдері бойынша тестілеу;

     - біліктілікті арттыру курсына қанағаттану туралы сауалнама жүргізу;

  40 сағат көлеміндегі оқу нәтижелерін бағалау:

     - курстың модульдері бойынша тестілеу;

     - біліктілікті арттыру курсына қанағаттану туралы сауалнама жүргізу.

  Тыңдаушылардың кәсіби құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін бағалау критерийлері мен бағдарлама мазмұнын меңгеру параметрлері әзірленеді. Қорытынды тестілеу нысанында өтеді. Сұрақтардың жалпы саны – 20. Қорытынды тестілеуден өту және біліктілікті арттыру курсын аяқтау үшін дұрыс жауаптардың 60% және одан жоғары санын жинау қажет. Шекті деңгей - 12 балл.

Әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

 

   9. Курстан кейінгі қолдау

      Біліктілікті арттыру курсынан өткен педагогтерді курстан кейінгі қолдаудың түрлері:

1. Тыңдаушыларға олардың педагогикалық, зерттеу және рефлексиялық қызметінде әдістемелік, консультациялық көмек көрсету;

2. Педагогикалық және зерттеу қызметінің нәтижелерін жариялауға дайындауда консультациялық көмек көрсету;

3. Педагогтердің кәсіби қоғамдастықтарының жұмысын ұйымдастыру және қолдау, оның ішінде тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар (байқаулар, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да білім беру шаралары) өткізу.

4.  Ғылыми-практикалық журналдарға және БАҚ-та ғылыми әзірлемелер мен мақалалар жариялау.

 

10. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

      Негізгі әдебиеттер:                            

1.          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзі. 14 наурыз 2025ж.

2.          Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы (2023 ж. 10.09. берілген өзгерістер мен толықтырумен).

3.          Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығы. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидалары (2023ж.17.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).

4.           Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы (2023ж. 03.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен);

5.          Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы. Астана 2016ж.

6.          Мұғалімге арналған нұсқаулық (екінші басылым)  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015ж.

7.          Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің

әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. 

8.          «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру» 2017ж.

9.          Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алматы, 1992. – 448 б.

10.      Байтұрсынұлы Ахмет. Әдебиет танытқыш // Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. – 384 б.

11.      Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі: Оқулық. – Алматы: Дәуір, 2014. – 240 б.

12.      Шалабай Б. Қолданымдық грамматика туралы. Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. – Алматы: Кие, 2007. – 54-65 бб.

13.      Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. Алматы. Рауан,  2006ж.

14.      Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы. Санат, 2001ж

15.      Бизақов С. Қазақ тілі қандай тіл? Алматы: Арыс, 2017 ж.

16.      С.Аманжолов. Қазақ тілі грамматикасы. Алматы. Мектеп, 1996 ж.

17.      Оралбаева Н., Аблақов Ә. Қазақ тілі. Алматы. Мектеп, 2002 ж.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.    Байтұрсынов А. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.

2.    Аманжолов С.А. Септік жалғаудың қызметі // Тіл мәселелері: жинақ. – Алматы: Ұлт мәдениеті институты баспасы, 1996. – 64 б.

3.    Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы: Екі томдық. Т.2. Тәуелсіздік кезеңі / Жалпы ред. басқ.: А.С. Ісімақова; ҚР БҒМ ҒК, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер ин-ты. – Алматы: Қазақпарат, 2009.

4.    Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. – Алматы. Дайк-пресс, 2011. 2 – кітап.

5.    Есембеков Т.О. Көркем мәтін теориясы: оқу құралы 2015. – 186 б.

6.    Алимов. А. «Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану» Алматы, 2012ж.«Жедел басу баспаханасы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қосымша – 1

Тест

 

1. Педагогика қандай негізгі мәселелерді қарастырады:

А) Тәрбиенің қоғамдағы алатын орнын.

В) Педагогиканың ғылым болып қалыптасу ерекшеліктерін.

С) Оқу-тәрбие үрдісінің теориялық негіздерін.

D) Өткендегі аса көрнекті педагогтардың идеяларын.

Е) Басқа ғылымдармен байланысын

  {Дұрыс жауап} = С

 

2. Педагогика ғылымының дамуында жетекші ғылымдар:

А) Биология, анатомия, мектеп гигиенасы.

В) Физиология, генетика, медицина.

С) Математика, информатика, статистика.

D) История, этнография, экология.

Е) Философия, психология, физиология.

   {Дұрыс жауап}= Е

 

3. Пән мұғалімінің атқаратын қызметіне:

А) Администрациялық-шаруашылық.

В) Оқушыларды теориялық және тәжірибе жағынан дайындау.

С) Пәндік білім беру, ұйымдастыушылық.

D) Педагогикалық кеңесті ұйымдастыру және өткізу.

Е) Мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

  {Дұрыс жауап } = С

 

4. Педагогиканың негізгі категориясы:

А) Материя.

В) Тәрбие.

С) Іс-әрекет.

D) Қарым-қатынас.

Е) Тұқым қуалаушылық.

  {Дұрыс жауап} = В

 

5. Педагогикада қолданылатын негізгі категория:

А) Жеке тұлға.

В) Құбылыс.

С) Қоғам.

D) Этнос.

Е) Мораль

    {Дұрыс жауап} = А

 

6. Мемлекеттің білім беру жүйесіне жатқызылады: 

А) Мектеп, конфессиалды ұйымдар, спорттық бірлестіктер.

В) Отбасы, пәндік үйірмелер, мектептен тыс ұйымдар.

С) Білім беру ұйымдарының жиынтығы (орта білім беру мекемелері, жоо, коледждер).

D) ЖОО, әскери ұйымдар, консерваториялар.

Е) Лицей, балалар үйі, діни ұйымдар.

  {Дұрыс жауап }= С

 

7. Жеке тұлғаның  объективті қоғамдық қатынасқа икемделуі:

А) Әдет.

В) Дағды.

С) Даму.

D) Әлеуметтендіру

Е) Іскерлік.

  {Дұрыс жауап } = Д

 

8. Сын тұрғысынан ойлау -

А) ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарауы

В) Диалогтік оқыту

С)  Оқуды бағалау

D)  Оқу үшін бағалау

Е)  Талқылау

   {Дұрыс жауап } = А

 

9) Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

А) Идеяны сол күйінде қабылдау

В) Сенім арту

С) Негізгі себептерін білу

D) Нәтижесін білу

Е) Өз идеясын айту.

   Дұрыс жауап }= Е

 

10) Фонематикалық принцип:

А) Қос сөз және атауыштық тіркес түріндегі сөздер.

В) Тұтасқан бірлік ретінде бір мағынаны білдіреді

С)  Сөз мағынасын өзгертетін

D)  Негізгі фонемалық түрі (мәні) сақталып жазылатын емле ұстанымы.

Е)  Емле ұстанымы

 { Дұрыс жауап }= Д

 

11. Морфологиялық принцип

А) Сөз бен сөзді байланыстыратын грамматикалық бірлік.

В) Синтаксистік қатынастың жойылуы.

С) Тұтасқан бірлік ретінде бір мағынаны білдіру.

D) Атауыштық тіркес түріндегі сөздердің жазылуы

Е) Сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылатын емле ұстанымы.

     {Дұрыс жауап } = Е

 

12. Орфографиялық ережелер мынадай мәселелерді қамтымайды:

А) Түбір сөздердің және қосымшалардың жазылуы

В) Сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы;

С) Кейбір дыбыстардың жазылуы

D) Мәтіннің мазмұндық ерекшеліктерін

Е) Бас әріптердің қолданылуы.

  {Дұрыс жауап } = Д

 

13. Ауыспалы мағыналы сөздерді ажырат.

А) Адамның басы

В) Судың түбі

С) Құдықтың түбі

D) Ойдың түбі

Е) Таудың басы

      {Дұрыс жауап }= Д

 

14. Дұрыс жазылуын көрсет.

А) Күннің ысуын – ай!

В) Күннің ысуынай!

С)  Ержанмен Ербол келді.

D)  Күннің ысуын ай

Е)  Ержан мен Ербол келді.

     {Дұрыс жауап }= А. Е.

 

15. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісін қой.

А) Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы.

В) Қайың мен қарағай қатарласа өсіпті.

С) Орта бойлы кең жауырынды ақ сақалды құс мұрынды қара көзді кең  

      маңдайлы адам орнынан тұрып сәлемімді алды.

D)  Жусан, ермен, изен, көкпек соның бәрі дәрілік шөптер.

Е)  Көктем шықты, бірақ күн әлі суық. 

   {Дұрыс жауап }= С

 

16. Сабақтас сөйлемнің түрлерін ажырату.

А) Бірлік болмай, тірлік болмас. 

В) Бұл сөзді естігенімше, жерге батып жоғалғаным жақсы еді.

С)  Дәл кірер жер тар болғандықтан, Көкбай бастаған жігіттер бірінің артынан бірі тізілді.

D)  Ол жеткенше, Қанабек тықыршып тұр. 

Е)  Жайлы, жылы қостың ішінде отты маздатып қойып, Абай қонақтарын қағаз шаймен сыйлатты.

 

17. Әдеби ағым:

А)  Қоғамдық-саяси көзқарастары жағынан ерекшеленетін қаламгерлер.

В) Қоғамдық-саяси көзқарастары әртүрлі.

С)  Әлеуметтік жағдайды ғана жақтаушылар.

D) Тек саяси көзқарастарды қолдаушылар.

Е)  Қоғамдық-саяси көзқарастары жағынан ұқсас, пікірлес қаламгерлер.

   {Дұрыс жауап }= Е

 

18. Әдебиетті идеология құралы ретінде қарап, зерттеуді осы тұрғыдан ұйымдастыруды қалыптастырған:

А) Әлеуметтік әдіс

В) Тарихи қалыптастырушы әдіс

С) Салыстырмалы-тарихи әдіс.

D) Формализм әдісі

Е) Деконструкция әдісі.

    {Дұрыс жауап }= А

 

19. Көркем шындықты бейнелеуде әдеттен тыс оқиғаны, ерекше тұлғаларды суреттейтін көркемдік әдіс түрі.

А) Романтизм.

В) Реализм.

С) Натурализм.

D) Классицизм.

Е) Экзистенциализм

   {Дұрыс жауап }= В

 

20. Әдебиеттану  ғылымы зерттейді:

А) Тіл білімін зерттейді.

В) Сөз құрамын зерттейді.

С) Сөз өнерін зерттейтін ғылым.

D) Образдар психологиясын зерттейді.

Е)  Тіл дыбыстарын зерттейді.

   {Дұрыс жауап }= С